Білікті басшының бастамасы

2
908

Қазіргі уақытта аймақтағы бірқатар мекемелерге өз жұ мыс т арын ә л е ум ет т і к желілерде көрсетіп отырудың қажеттілігі туындап отыр. Қызылорда өңірінде бірінші жартыжылдықта мемлекеттік органдардың жұмыстарына баға беру мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. О н д а т ұ р ғ ы н д а р д ы ң 7 8 пайызының бұл жұмысқа оң баға бергендігі белгілі болды. Енді әр мекеменің өз ньюсмейкері болуы керек. Қарапайым тілмен айтсақ, ол шұғыл түрде әлеуметтік желілерге ақпараттар таратып отырумен айналысады.

Бұл орайда облыстық жастар саясаты, денсаулық сақтау және спорт басқармаларының ақпараттық белсенділіктері жоғары баға беруге тұрады. О б л ы с т а ғ ы 1 0 б а с қ а р м а өздерінің әлеуметтік желілерін құрған. Сондай-ақ Қызылорда қаласында, Арал, Қазалы және Сырдария аудандарында «Фейсбук», «Твиттер» және «Вконтакте» әлеуметтік желілері тиімді жұмыс жасайды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала және аудандар әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарл а м а л а р б а с ш ы л а р ы н а интернет-ресурстарда мекемелер жұмыстарын көрсетіп отыруға жауапты мамандарды белгілеуді тапсырды.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Дұрыс бастама! Орыстіліндегі ньюсмейкердің (ағылшыны- newsmaker, латыны -n’yusmeyker) тілге жеңіл қазақшасын кім табады?Ағылшыннан аудармасы: информационный повод- ақпараттық тізгін, редактор новостей -жаңалықтар редакторы, известная личность-белгілі кісі.Орыстар терминді аудармастан қалдырыпты,бізде солай қабылдағанымыз дұрыс шығар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз