Аралас некенің АЗАБЫ

Қазақ қызы жат жұрттық болғанымен, жат елдік емес... аралас1

Ел арасында қазақ қыздарының шетелдік азаматқа күйеуге шығуы немесе қазақ жігіттерінің шетелдік қыздарға үйленуі белең алып бара жатқаны жанымызға аяз­дай бататыны шындық. Орыс пен қазақтың неке қидыруы, қазақ қыздарын француз, өзбек, итальян, түрік тағы басқа ұлттағы жігіттердің қолтықтап, шетел асуының басы қуанышты болғанымен, аяғы өзекті өртер өкінішке ұласатыны көңілге кірбің түсіреді.

Атырау қаласының тұрғыны Бақытгүл Бисенқызы бізге бүкпесіз сырын ашты: «Менің екі ұлым, екі қызым бар. Олардың бәрі аяқтанды. Яғни, ата-аналық парызбен ұлдарымызды ұяға, қыздарымызды қияға қондырдық. Құдайға шүкір, немерелерім өсіп, күйеуміз екеуміз ата мен әже атандық.

Дегенмен, ішімде бір өкінішім бар екенін жасыра алмаймын. Бұл кенже қызымның тағдыры. Осыдан бір-екі жыл бұрын шетелдік фирмада менеджер бо­лып қызмет ететін қызым Лаура өзімен бірге жұмыс жасайтын шотландиялық Дункан есімді азаматпен көңіл жарастырды. Өзі ұнатып тұрғасын жолдасымыз екеуміз «бағын байламайық» деп шештік. Жұрт қатарлы той жасап, батамызды бердік. Сөйтіп, қызым үш ұйықтаса түсіме кірмеген Шотландияға аттанды. Жол алыс болғасын алты ай уақыт бойы ха­барласа алмадық.

Алты айдан кейін хабарласуға мүмкіндік туды. Күйеубаламыз әке-шешелерімен Шотландияның бір ауылдық жерінде тұрады екен. Тойларын өткізіп болғасын орталыққа қарай көшіп келіпті. Содан не ке­рек, қызымызды бір жыл көре алмадық. Тек, Құдай берген ұялы телефон арқылы сөйлесеміз. К ү й е у б а л а м ы з в а х т а л ы қ жұмысына келгенде, ішінара үйге келіп кетеді. Бір жылдан соң, «Жиенді болдыңыздар» деп хабар келді. Қуанғаным сондай, бірден Шотландияға билет алдым. Бірақ, барғаннан соң қуанышым су сеп­кендей басылды.

Қызым әбден жүдеп кеткен. Құда-құдағиларымыздың бәрі өздерімен-өздері. Ене мен келін арасындағы сыйластық мүлдем жоқ. Барлығы тең дәрежеде. Маған құда-құдағилармен сөйлесу қиынға соқты. Өйткені, олардың тілін білмеймін. Олар менің тілімді білмейді. Аракідік бас қосқанда қызым аударма­шы болады. Бірақ, емін-еркін сөйлескендей болмайды екен. Сөйтіп, ол жақта 8 ай жүрдім. Е л і м д і қ а т т ы с а ғ ы н д ы м . Ешкіммен араласа алмайсың. Екі қатарлы үйде сенделесің де жүресің...

Танитыным қызым ғана. Ол да іштей тынып жүрген сияқты. Содан кейін, бір күні қызыммен оңашада сөйлесіп, «Қызым, елге қайтайық. Мында сенің жағдайың мәз емес секілді» – дедім. Ол да қуанып кетті. Шындығында, солай екен. Күйеуі болса, ай­лап-жылдап жұмысқа кетеді. Ал, күйеуі қасында болмаған қыз оңа ма? Оған қоса, ата- енесімен ашылып сөйлесе ал­майды. Даңғарадай үйде баласын айналшықтап жүреді де қояды. Іштей тынбағанда қайтсін?! Ең сорақысы – қызым үйленбей тұрып, әлгі күйеубаламыздан аяғы ауыр болып қалыпты. Со­дан ол бізге айтуға намыста­нып, үйленуге келісім беріпті. Күйеубала да «Зорлады деп айыптағылып, сотталып кетемін» деген есеппен амалсыздан үйленгенге ұқсайды. Оның бәрін елге қайтар кезде білдім.

Қысқасы, мен баласымен бірге қызымды алып, ауылға келдім. Қазір Атырауда үй жал­дап тұрады. Шүкір, бұрынғыдай емес, қызымыздың жүзіне күлкі үйірілді. Менің айтпағым, шетелдік азаматтатүсіндік. Қаншама қыз шетел асып, өмірі өксікпен өтіп жатыр десеңізші?! Сондықтан, мен қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне күйеуге шықпауын тілеймін. Әсіресе, шетелдік фирмаларда қызмет жасайтын қыздардың аса сақ болғаны жөн. Ата-аналар­лар бойжеткен қыздарын қатты қадағалап отырса екен. Әйтпесе, менің кебімді киіп, өкініп қалуы ғажап емес...»

Иә, бұл – тек Бақытгүлдің басындағы жағдай емес. Көпшілік ата-аналарының басынан өтіп жатқан күрмеулі мәселе. Атырау қалалық әділет басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2011 жылы 113 аралас некеге отырған аза­мат пен азаматша тіркелсе, 2012 жылдың 8 айында ол 64 болыпты.

«Ақ желкен» неке сарайына аралас неке бойынша екі азамат рға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына қатты жаным ашиды. Жолдасым екеуміз оңбай қателескенімізді артынан  пен азаматша тіркеліпті. Оның біреуі орыс, біреуі ағылшын жігіті. Оларға күйеуге шығып жатқан екеуі де қазақ қыздары.

Бір қызық оқиға болады. «Ақ желкен» неке сарайының мамандары аралас неке бой­ынша тіркелген екі азамат пен азаматшаның біреуін «Бізге тек қазақ азаматтары емес, басқа ұлт өкілдері де некеге тұра алады» де­ген жарнамамен «Ақ желкеннің» сайтына салып қояды. Сөйтсе, шетелдік азаматқа күйеугешығып, некеге отырған қыздың біреуі (ағылшын жігітіне күйеуге шыққаны) аталмыш неке сарайы­на келіп шатақ шығарыпты. Айтар уәжі мынау: «Мәліметті сайтқа неге саласыздар? Менің күйеуге шығып жатқанымды ағайын- тума, ата-аналарым білмейді ғой. Оларға мен «Жағдайым жаман емес. Жалақысы жақсы жерде жұмыс жасаймын. Алаң болмаңыздар» дегенмін. Ертең мұны көрсе, маған қатты ренжімей ме?» – дейді. Сонда ақша үшін арын сатып, ата-ана­сын алдаған қыздардан қандай иман мен ибалылық күтуге бо­лады?..

Қазір мектеп бітірген жас қыздардың басым бөлігі оқу ақысының қымбаттығына қарамай, аудармашы, шет тілі пәнінің мұғалімі мамандығыноқиды. Оқуға қабілеті жетпесе де тырысып бағады. Тіпті, мұнайшы мамандығы барлар жұмысты сылтауратып, шет тілі курсынан дәріс алады. Олардың көздегені заманға сай білім алып, мем­лекет мәртебесін көтеру емес, жалақысы жоғары шетелдік компанияларда жұмыс істеп, тұрмыстық ахуалын түзетіп алу. Сөйтіп, шетел азаматтарымен еркін байланыс жасау. Бұл жағдай мұнайлы өлке – Атырау облы­сында өршіп тұр.Мұнда мұнай өндіруші шетелдік компаниялар көп. Жалақылары да қомақты. Ал, жалақысы жоғары жұмысты кім армандамайды дейсің? Әсіресе, кедей отбасынан шыққан қыздар тұрмысын жөндеу үшін барын салатыны анық. Содан келіп, ақшасы көп, еріккенді ермек еткен шетелдіктердің қармағына ілігеді.

Оған дәлел мамандардың мына бір мәліметі: « Аралас некеге тұру үшін арыз бергендердің көбі Түрік, Ресей, Ағылшын, АҚШ, Ита­лия, Өзбекстан, ТМД елдерінің азаматтары мен азаматшалары. Жастарының айырмашылықтары да бар. Айталық, шетелдік азаматтардың жасы – 40-45 аралығында, оларға күйеуге шыққан қазақ қыздарының жасы 25-30 аралығында». Осы орайда, әлеуметтанушы психолог Све­та Тоқсанованың: «Аралас неке көбіне белгілі бір мақсаттарды көздегендіктен (басқа елде өмір сүру үшін; екінші жартысын өз ұлтынан табу қиынға түскендіктен, амалсыздан басқа ұлт өкілінің етегінен ұстау; материалдық ж а ғ д а й д ы т ү з е п а л у ү ш і н шетелдікпен қол ұстасуға мәжбүр болу), ондағы бала саны да біреу, ары кетсе, екіден ары аспайды. Шаңырақ құрудағы басты мұрат ұрпақ көбейту болса, мұндай от­басылары көбіне, тек жеке басын ойлау ұстанымын басшылыққа алады. Қазақ қызының өзге ұлттың етегінен ұстауы – өз халқының тамырынан мүлде қол үзуі мүмкін екендігінің дәлелі. Себебі, өзгеұлтқа шыққанмен, өз тілін ұлықтап, ұлтының дәстүрін сақтап қалғысы келетін қазақ қызы жоққа тән» деген пікірінің жаны бар.

Әрине, аралас некеге тұрып жатқандардың барлығы шетел асып кетіп жатқан жоқ. Біздің елдің байлығына қызығып, осында қазақ жігіттеріне күйеуге шығып жатқандары да баршылық. Соның бірі – атыраулық Ардақ есімді жігітпен отау құрған ингуш ұлтының қызы Диана. Осыдан үш жыл бұрын Қарабатан зауытында жұмысшы болып жүргенде некеге отырған.

«Қазақ тілін үйреніп келемін. Қазақ келіні болғанымды мақтаныш тұтамын. Қазақ салт- дәстүрлерін бойыма сіңіріп жүрмін. Балаларым да қазақ. Ал, аралас неке жайлы айта­рым: «Жаман ұлт жоқ, тек жаман адам баласы болады» – дейді ғой. Ендеше, осыны әркез естен шығармағанымыз жөн» ,– дейді ингуш ұлтының қызы, қазақтың келіні – Диана.

З а м а н д а с ы м ы з А р м а н Жайықбаевтың пікірінше, бүгінгі заманда аралас некеден ұлттық проблема жасаудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл мемлекетаралық байланысты нығайтудың тап­тырмайтын құралы. Сонмен қатар, отырып қалған қыздардың проблемасын шешуге септігін тигізеді.

Жоғарыда біз Атырау об­лысында қазақ қыздарының көпшілігі аудармашы немесе ше­тел тілі пәнінің мұғалімі болуға ұмтылатынын тілге тиек еткенбіз. Міне, сол мамандықтар біраз ата-аналарға опық жегіздіріп отырғанын айтпай кетуге бол­мас. Мәселен, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ау­ылында туып-өскен Ақмарал, Арайлым Мұқановалар мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының біріне аудармашы мамандығы бойынша оқуға түсті. Оны екеуі де үздік дипломмен тәмамдап, аталмыш қаладағы бір шетелдік фирмаға бірі аудармашы, бірі менеджер бо­лып жұмысқа орналасады. Бірақ, көп ұзамай біреуі америкалық, біреуі кореялық жігітпен тұрмыс құрды. Кеткендеріне үш жыл. Хабарсыз. Ал ата-аналары болса:

– Қыздарымызға алқаш болса да қазақтың бір жігіті бұйырмай, қияндағы Кореяға, мұхит асып Америкаға күйеуге шықты. Қазір оларды көру арман болып отыр. Қатты сағындық. Ондай бола­рын білгенде бұл мамандықты оқытпайтын едік, – деп көздеріне жас алатын көрінеді. Бұл жайдан бізді ауылдасы Сәбила есімді келіншек құлағдар етті.

Сайып келгенде, кімнің кімге күйеуге шыққаны жеке басының шаруасы. Әйтсе де, ұлттық пайым-парасатқа салсақ, аз ғана еліміз діні жоқ, ділі жоқ Американның кебінін киіп кетуі ғажап емес. Сондықтан, төрт көзің түгел тұрғанда «ұлын – ұлықты, қызын – қылықты» етіп тәрбиелеген кешегі қасиетті халықтың ұрпағы етегін қанмен жуған заманда да қызын жат елдің жетегінде жібермеп еді.

Азаттықтың алтын арайлы таңында қыздарымыздан тірідей айырылып жатқандығымыз, қай сасқанымыз? Осы рет­те Шымболаттың: «Қаракөздер кімге ғашық болдыңдар, Өз батырың, өз арысың тұрғанда» деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Әлмисақтан қазақ қызы жат жұрттық болғанымен, жат елдік атанбаған...

Сондықтан, түгіміз қалмай тұрғанда, түбімізге үңілелік.

Бауыржан СИСЕН