
Ақтауда балалардың ойын
алаңындағы баскетбол сақинасы
басына құлаған 9 жасар бала
қайтыс болды. «Тоғыз жасар бала
өз қатарластарымен бірге ата-
анасының бақылауымен балалар
алаңында ойнап жүрген. Бала
темір сақинаға асылып тұрып,
кенеттен жерге құлаған. Оның
салмағын көтере алмаған темір
сақина қоса құлап, баланың
басына тиген» – дейді 27-шағын
аудан учаскелік полицейі
Азамат Сәрсенбаев. Баланың
ата-анасы дереу жедел жәрдем
шақырғанымен, бала ауруханаға
барар жолда көз жұмды.