Рафаэль Ниязбеков: "Қылмыскерлер әділ жазасын тартсын!"

niazbekov 2

Рафаэль НИЯЗБЕКОВ, Шешенстанның халық батыры, Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

 "Қылмыскерлер әділ жазасын  тартсын!"

  – Мен бүкіл шешен халқын кінәлаудан аулақпын. Бұл – бүгінгі кейбір шешен отбасыларындағы тәрбие мен тәлімнің кемшіндігі. Марқұм жазушы Сайын Мұратбеков кезінде Шешенстанға барып, біздегі кейбір шешендердің бейбастығын айтқанында, ол жақтың ақсақалдары: «Неге сендер сол жігіттерді аттың баурына алып сабамадыңдар? Неге жазасын бермедіңдер, сазайын тарттырмадыңдар?» деген екен. Бір кезде Дінмұхамед Қонаев атамыз Кремльде шешендерді атамекеніне қайтару жөнінде екі рет сөз сөйлеп, мәселе көтерген болатын. Сонда ол кісі шешендерді көшіруге неге құштар болды? Себебі, болашақта осындай оқиғалар орын аларын көпті көрген сұңғыла Димекең алдын-ала сезіп-білді. Қазіргі Шешенстан халқының 70 пайызы Қазақстаннан көшіп барғандар. Солардың бәрі елімізде тұра бергенде не болар еді?.. Шешендердің бұл қылығы – қазақтың кеңпейілділігін, меймандостығын, бауырмашыл­дығын, өлім аузындағы шешендерді ажалдан аман алып қалған ақжүрек жақсылығын түсінбегендігі. Қазақтың тамағын жеп, табағын тепкендігі. Мен өз басым қанша жерден келіспеушілік, ұрыс-керіс болып жатса да, дәл бұндай жауыздықты кешпеймін. Әсіресе, автоматтан көздеп, әдейілеп атқанды. «Контрольный выстрел» жасаған адамдарды қалай кешуге болады?!. Біз де бүгін бұл қылмыс­керлерді аямауымыз керек. Әділ жазасын тартсын. Сонда ғана ол қалған адамдарға сабақ болады. Енді мен оқырмандарға «Үндемеуім қалай?» деген өлеңімді оқып берейін.  

Үндемеуім қалай?

Түкіргендер елдің адал асына, Нанын малып жейді көздің жасына... Үндемеуім қалай? Қабырғалы қазақтың, Ұйғыр келіп сарығанда басына?!   Күнін көріп жүрген кірме, кекті ел де, Құтыра ма мұратына жеткенде? Үндемеуім қалай? Ер көңілді қазақты, Шер көңілді шешен келіп тепкенде?!   Қайғы арқалап, бәрін кешкен азаптың, Сайын дала мекені ме мазақтың? Үндемеуім қалай? Күрдтің сотқар жігіті, Қорлағанда жас баласын қазақтың?!   Асқақ рухым бой көтеріп жатқанда, Кімнен қорқам арай жүзген ақ таңда. Үндемеуім қалай? Қаны таза қазақты, Қаны бұзық өзбек көздеп атқанда?   Көңілімнің жамала ма жыртығы, Айтылмаса  бұл өмірдің шындығы. Ай маңдайлы қазағымды атқалы, Енді кімнің оқтаулы тұр мылтығы?!..