40 жыл джунглиде өмір сүрген
2013 ж. 21 тамыз
2126
2
Вьетнамның оңтүстігінде ұлымен бірге 40 жыл бойы джунглиде өмір сүрген адам табылды. 82 жастағы вьетнамдық пен оның 41 жасар ұлы 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталмай тұрып жоғалып кеткен. Олар тұрған ауылға АҚШ-тың ұшақтары шабуыл жасап, үйлерін қиратқан және жанұя мүшелерін түгелдей қырып жіберген. Екі вьетнамдық ауылдан 40 шақырым ұзақтағы джунглиден табылды. Әкесі вьетнам диалектілерінің бірінде сөйлеген, ал ұлы бар болғаны бірнеше ғана сөз біледі. Олар негізінен көк шөпті және көкөністі азық еткен. Сонымен қатар, аң аулауды да үйренген.