Мешімбаева өз елінен безді

1
1038

ҚР статагенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева Қазақстанға экстрадициялау туралы сот шешімін бұздыруға шағымданды. Мешімбаева экстрадиция туралы шешімді бұздыруға ресейлік сотқа шағым түсірді, сот оның шағымын қарап болған соң, экстрадиция мәселесі шешілетін болады.

А. Мешімбаева ұлттық халық санағы кезінде мүлік сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыруға қатысы бар, деп күдіктелуде.2009 жылдың қазанында А. Мешімбаева демалысқа шығып, Анталияға кеткен, содан бері оралмаған. 2009 жылдың қарашасында оған сырттай айып тағылып, ол сот санкциясымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Статагенттіктің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінді. Қылмыстық іс бойынша шығын сомасы Т758 млн құрайды. ҚР бас прокуратурасы 11.02.13 ж. Ресей Бас прокуратурасына А.Мешімбаеваны Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін беру туралы сұрау жолдады.ҚР статагенттігінің экс-басшысы А.Мешімбаеваны Мәскеуде Ресей ІІМ қызметкерлері 2013 жылдың 6 ақпанда Қазақстан қаржы полициясының халықаралық тапсырысы бойынша ұстаған болатын. Ал, 6 маусымда РФ бас прокуратурасы ҚР бас прокуратурасының статагенттіктің экс басшысын басқаның сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 176 б. 3т. «б,г» тармақшасы, 307 б. 3т. бойынша) қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қайтарып беру туралы салған сұрауын қанағаттандырды. 

1 Пікір

  1. Жоғары билікте үлкен реформа болмай, мемлекетіміз сеніп тапсырған мүлік пен қаражатты шенеуніктер талан-таражға салып, ұрлай береді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз