Ғарыштық соманы жымқырған «ғарышкер»
2013 ж. 12 тамыз
1292
0
«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының басшысы Ғ.Мырзақұлов аса ірі мөлшерде пара алғандығы үшін ұсталды. Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.
«Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев пен «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Е.Асылбеков те қамауға алынды. Т.Егенбаев «аса ірі көлемде пара берді» деп, ал, Е.Асылбеков «пара алуға көмектесті» деп айыпталуда. Сот санкциясымен Ғ.Мырзақұлов пен Е.Асылбеков абақтыға қамауға, Т.Егенбаев үйқамаққа алынды.