Талтүсте тонап кетті
2013 ж. 12 тамыз
1703
0
Тараз қаласының «Шахристан» базарында түскі сағат 15:40 шамасында бейтаныс екі жігіт азаматша С-ның мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, екі жігіт оның соңынан қалмай еріп жүрген. Сөйтіп, аялдамада тұрған кезінде сезіктінің біреуі алқаны жұлып қашқан. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңге шамасында.
Полиция қызметкерлері сезікті азаматтарды ізін суытпай, небәрі жиырма минуттың ішінде құрықтады. Күдіктілердің екеуінің де бұрын сотты болғандықтары анықталды. Екеуінің жас шамасы қарайлас. Бірі Тараз қаласының , екіншісі, Байзақ ауданының тумалары болып шықты. Күдіктілер қылмыстарын толығымен мойындап, уақытша қамауға алынды. Осы қылмыс бойынша ҚР ҚК 178 бабының 2 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тұрсынбек ТЕМІРЛАНҰЛЫ,
Жамбыл облысы