Храпунов пен Рысқалиевтердің шоттары "тұтқындалды"

06 Тамыз 2013 Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды. xrapunov laila Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде. Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды. Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды. rysqalievter Сонымен бірге, Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде. Тергеу аясында Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды. Федералдық прокуратура аталған шоттарға тыйым салды. Қаржы полициясы агентігі өз қызметкерлерінің Швейцар конфедерациясы аумағында тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат беру туралы халықаралық тапсырма жолдады finpol.gov.kz