Храпунов пен Рысқалиевтердің шоттары «тұтқындалды»

3
1252

06 Тамыз 2013
Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды.

Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде.
Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді.
Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды.
Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды.
Сонымен бірге, Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде.
Тергеу аясында Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды.
Федералдық прокуратура аталған шоттарға тыйым салды.
Қаржы полициясы агентігі өз қызметкерлерінің Швейцар конфедерациясы аумағында тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат беру туралы халықаралық тапсырма жолдады

finpol.gov.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. ресейлік бір сатирик айтып еді:»Я не понимаю, почему это…» деп.менде осы Қазақстанның Үкіметі мен Күш қызмет органдары бәрін біліп тұрыпәелі ұрлықшы-қарақшыларды қашырып жібереді де, артынан құм шашқандай байбалам салады.Храпуновтың бірнеше ұшақпен көшкенін, нендей зат әкеткенін ауылдағы интернеті жоқ қарияларда естіп білген еді.әблязов болса түрмеден банкті басқара білді.ағайындыларға кіна тағылға бастағанда неге бұғау салынбады, расымен түсінбеймін, неге?миллиардтары шетел экономикасыеа жұмыс жасап жатқанда сырт мемлекеттер оларды оңайлықпен бере қоймас.құр далбаса. «после драки кулаками зря машем» еще оларды кіналаймыз келіп, кетпей тұрып неге кінасын бетіне баспаймыз, енді қоймай-қоймай былық тауып, статья үстіне статья тауып сырттай соттаймыз келіп.қисайса көреиік олардың бірдеңесі.құр далбаса

  2. Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз