Ел назарындағы істердің тергелу барысы баяндалды...

Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

Астана. 26 шілде. Baq.kz Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі
 
Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижесі және ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы туралы баяндады. Агенттік төрағасы сыбайлас құқық бұзушылықты ашу 8 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың алты айында мұндай қылмыстың 1192 фактісі анықталды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.