Ел назарындағы істердің тергелу барысы баяндалды…

1
1222

Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

Астана. 26 шілде. Baq.kz Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі

 

Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижесі және ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы туралы баяндады.

Агенттік төрағасы сыбайлас құқық бұзушылықты ашу 8 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың алты айында мұндай қылмыстың 1192 фактісі анықталды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

1 Пікір

  1. 8 пайызға қылмыс ашылса 80 пайызға екінші жағынан көбейіп жатырғанын неге айтпаймыз.финпол аман болса, тендер деген пәле бел алып тұрғанда адал басшылардың өзі қылмыскер бола береді.уақытында мәлімет, есеп, т.б. себептермен жұмыс барысында болатын қателіктердің бәрі қәзір «коррупционер» болып шыға келеді.»шаш орнына бас алынған» заман қайта туды.37-ден не айырма?тендер ибойынша тапсырысты орындамаған компанияны сотқа беру керектігін ұмытып кеткен басшы 50 «мрп» штраф төледі, қылмыскерді жасырған болып, жемқорлыққа жол берген болып табылды.әлі де сорақыны көрешегіміз көріп, үмітіміз сөніп «сен тимесең мен тиме» принципмен ит тіршілік ғұмырымызды жасай береміз.кім кіналі?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз