«А»-дан бастап, «Я»-ға дейін… Бізді кімдер басқарып отыр?!.

9
5808

 

Біздің биліктің халқымен балаша «ойнайтынына» қайран қаламын…

Жақында шенеуніктердің «А корпусы» деп аталатын аламан-бәйгесі аяқталды. Шенеуніктер әділ алысып-жарысқандай кейіп танытты, біз біржола сенгендей селт етпедік…

Қалың қазақтан жалғыз жазушы-публицист Мыңжан БАЙЖАНИН ғана қайсар қауқар танытып: «Оу, бұл сайқымазақтарыңды тоқтат­саңдаршы!» – деп, тоқетерін айтты…

Билік шімірікпеді, біз тағы селт еткеміз жоқ…

Ал, шенеунік біткен шамасы жеткенінен аянбады, қолынан келгесін, қонышынан басты…

Қарапайым ортадан шығып, қазақтың ойран-халіне жаны ауыратын нағыз ұлтшыл, нағыз елшіл қарадомалақ ауыл балалары аламан түгіл, алаңға да жақындатылмады…

Баяғы Құнанбайдың қаттылығы қатып-семген күйі қалып, дорбасы бар – домалады, жорғасы бар – жорғалады, байға – бай құйды, сайға – сай құйды, бармақ басты – көз қысты, күлшелі бала – сүймелі қалпы аламанның алдын алды…

   Біздің қазақтың өрмекші торындай маталған туысқаншылдық байланысы – атақты италияндық мафияңды он орап алды. Қол ұстасып, қоян-қолтық «күрескен» қарға тамырлы қазақ көрер-көзге, сақал сипағанша А корпусының «саңлақтары» атанып шыға келді:

1. Атышулы мекеме – «Қазкөлікжол» РМК-ның бас директоры Мереке ПШЕМБАЕВ пен оның бауыры Павлодар облысы, Май ауданының әкімі Нығман ПШЕМБАЕВ.

2. Ақтөбелік ағайынды Сағындар: ағасы Бекбол САҒЫН – Астананың Қаржы басқармасының бастығы болатын, қазір Астана қаласы Алматы ауданы әкімі, қарындасы Бекзада САҒЫН – Президент Әкімшілігі жалпы бөлімінің сектор меңгерушісі.

3. Шығыс өңірінің шенеуніктері: Ербол НҰРҒАЛИЕВ – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы, Нұрбол НҰРҒАЛИЕВ – Семей қаласы әкімінің орынбасары.

4. Қанат МҰСАПАРБЕКОВ – Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы, Тұрсынғазы МҰСАПАРБЕКОВ – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының әкімі.

5. Марат БЕКЕТАЕВ – бұрын Премьер-министрдің кеңесшісі, Әділет вице-министрі болған, қазір Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. Руслан БЕКЕТАЕВ – Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.

6. Марат ӘЙТЕНОВ – Қазақстанның Даму банкісі Басқарма төрағасының орынбасары, Мұрат ӘЙТЕНОВ – Президенттің Іс Басқармасының арнайы шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

7. Шәмшиден ЖАНБОСЫНОВ – Астана қаласы Тексеру комиссиясының мүшесі, Шахмардан ЖАНБОСЫНОВ – «Нұрлы Астана» корпоративтік қорының директоры.

8. Қайриден НҮРЕКЕНОВ – «Ақтау теңіз сауда порты» РМК директорының бірінші орынбасары, Слямиден НҮРЕКЕНОВ – Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық мәслихатының хатшысы.

9. Әкесі Абай ИКРАНБЕКОВ – Жер ресурстары агенттігінің бұрынғы жауапты хатшысы, баласы Арнұр ИКРАмБЕКОВ– Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Мінеки, осылайша жең ұшынан жалғасып кете береді. Соның ішінде, күні кеше осынау топта болып, мемлекеттің қыруар қаржысын миллиардтап үптеп, шекараның арғы жағына қашып кеткен әкімдер мен министрлердің де туған-туыс, жақын-жұрағаттары «А корпусы» аталатын бай-шонжарлардың тобырына қысылмай қосылып жатыр.

Ал Оңтүстікте жеті жыл облыс әкімінің бірінші орынбасары болып істеген кезінде жетістіктерімен көрінген, Өскеменді өскелең қалаға айналдырып, Елбасының алғысын алған, шуы кетпеген Су комитетіне барып 300 миллиардты үнемдеп, тәртіп орнатқан іскер де, адал, білімді де, білікті  азамат Ислам Әбішев сынақтан «өтпей қалды» дегенге кім сенеді?.. Міне, осындай адалдарды аяқтан шалған кереғар келеңсіздіктер шыға келгенде ел «мыналарға дауа жоқ шығар» деп іштен тынды…

Шынымды айтсам, өзі әдепті дипломат, Қызылорда облысының бұрнағы әкімі, қазақтың Қытайдағы елшісі болған Икрам АДЫРБЕКОВтің атын түнеукүні ғана оффшорларға қаржы жасырған миллиардерлердің тізімінен, министр Нұрлан Қаппаровтың қасынан көргенімде, өз көзіме өзім сенбедім. «Әй, бұларға дауа жоқ шығар» деген тоқмейіл ойдан кейін ғана есімді әзер жидым…

Шындығында, қазақ шенеуніктері бұрын жалғыз-жарым, қашып-тығылып ұрлық қылатын еді, енді «өркениетке» жетіп, топ-тобымен, отбасыларымен, құда-құдағиымен баукеспелік жолына түсіпті…

Қазақтың жемқорлық дендеген қоғамы «А»-дан бастап, «Я»-ға дейін санамалап шығып, корпус емес, тұтас әскер жасақтасаң да, дауа дарудан кеткен-ау…

Бізді кімдер басқарып отыр?!.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, 
“Қазақ Елі” Халықтық қозғалысының төрағасы

www.qazaquni.kz

 

9 ПІКІРЛЕР

  1. Иа, Су комитетинен 300 млрд унемдегенде 300-дей жау тауып алды. Елдин барлыгы осындай халык камын ойласа жемкорлар болар ма еди.

  2. Сол халыкты кол даган азаматтарды аяктан шалып,билiктен алыстатып жаткан жок па? Жемкорлыкка жол бермегендерге,жол жабык боп жаткан жок па?

  3. Мактаралда .14млрд-ка канал салган. Елбасыга рахмет. Бiрак Исекен сол iстеген фирмалады кайта iстеттi. Себебi жар ты жагы сапасыздыктан ,кулады. Сол ушiн де бiр еулерге жакпай калды ау.Мен ол кiсiнi колдайм . Ал Оскемендегi iсiн инт -тен окыдым.

  4. Шардара ауданында Жаушыкум совхозы бар Исекен 88-92 жылдар сол совхозда директор болган. Ал ендi сол а/о -не келiп корiндер,iстеткен жплда рын корiндер халыктан сурандар. Сонда мумкiн Исламды кенiрек бiлетiн боларсындар

  5. Ұры мен қары сыбайласқанда жемқорлардың жасағы болып шығады. Құзғын мен күшіген шағылысқанда жұмыртқасынан өлексеқұмар шығады. Балық… құйрығынан шірімейді. Мегежіннен қозы тумайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз