Мереке қарсаңындағы басқосу

Ақ жол» ДП-сың Атырау облысындағы филиалы жергілікті журналистерді қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

   Қалалық мәслихат депутаты Серік Сәрсенұлы «Ақ жол» ҚДП облыстық филиал төрағасы Ермекқали Юсуповтың атынан тілшілерді төл мерекелерімен құттықтады.    "Бұл күнді бүкіл халыққа ортақ мереке десек те қателеспейміз. Себебі, біздің әрқайсымыз оқырман, көрермен және тыңдарманбыз. Журналистер дайындаған әр жаңалық, тұщымды ой, соны пікір қалың бұқараға арналады. Тәуелсіздігімізді тұғырландыру, егемендігімізді еңселету, Елбасымыз бастаған биіктерге қол жеткізу жолында бұқаралық ақпарат құралдарына артылған сенім жүгі ауқымды. Сіздер облысымыздың саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өрлеп-өсуіне, мұнайлы өлке мәртебесінің әлем елдеріне, республикамызға танылуына айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Біз мұны байыпты бағалаймыз" –деді.

Кездесу соңында тілшілерді «Алғыс хатпен» марапаттап, ақшалай сыйлық ұсынды.

Елигер ЫРЫС

Атырау облысы