Табиғат аясы кеңседегідей емес

 ШҚО-дағы «Ақ жол» партиясының жетекшілері Өскемендегі өнерпаз жастармен табиғат аясында жүздесті. Алтай тауларының бөктерлеріндегі «Изумрудный» демалыс кешенінде өткен басқосудың жастар үшін де, аға буын өкілдері үшін де берері мол болды. «Ақ жол» партиясының ШҚО бойынша штабы жиналған іні-қарындастарымен бірге көптеген айтулы шараларды атқарып келеді. Олар: Сенбіліктер, әр-түрлі акциялар, флеш-мобтар және тағы басқа маңызды шаралар. – Бұл жолғы шараның мақсаты, жастармен еркін жағдайда диалог орнату. Біз бірншіден қаланың күнделікті шулы өмірінен бір сәтке бой жазамыз. Таза ауада, көңілді ортада адамдар бір-бірімен жақынырақ танысып, жастар өз ойын іркімей айта алады, – дейді «Ақ жол» партиясының ШҚО бойынша штабының төрағасы Талғат Құрманғалиев. Жиналған жастар аяқ­доптан, нысананы көздеу­ден тағы басқа ойын түрлерінен бақтарын сынасты. Күнделікті кеңселерде өтетін жиналыстардай емес, бұл табиғат аясындағы басқосудың ауаны мүлдем басқаша болды. Әңгіме де еркін, сұрақтар да шынайы және салмақты шықты.

Дарын НҰРСАПАР Шығыс Қазақстан облысы