МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ КЕРЕК!
2026 ж. 29 қараша
25
0
Екі жыл бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінде біз мәслихат депутаттарының мәртебесін көтеру туралы екі рет депутаттық сауал жасадық.
✅ 1.Біріншісінде мәслихат депутатының мәртебесін айқындау туралы Үкімет басшысына депутаттық сауал жасадық.
Онда: “Халық сайлаған депутатқа тағайындалған әкімнің үстемдік етуі демократиялық ұғымға ешқандай сай келмейді.
Мәселенің шешімі мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігін жою жолымен шешілуі тиіс. Мәслихаттың дербес құрамын әкімдіктің келісімімен айқындауды тоқтату қажет. Депутаттарды әкім таңдамай, халық сайлауы қажет!

Конституцияда мәслихатты әкімдікке тәуелсіз етіп, билік тармақтарының теңдігін жасау қажет!»-деп мәлімдегенбіз.
✅ 2.Үкіметтен Парламентке көптеген жауаптар шала болып, қате келеді. «Мен не деймін, домбырам не дейді?» дегендей, кейде мүлде бұрмаланған жауаптар келіп жатады... Біздің мәслихат депутатының мәртебесін пөтеру туралы сауалымызға да Үкімет басшысының атынан келген жауап та айдалаға лағып кеткен!
Сондықтан біз екінші рет депутаттық сауал жасадық.
✅ “Үкіметтен келген кейбір жауаптарды оқу үшін алдын ала қан қысымыңызды өлшеп, қалыпқа түсіретін дәрі-дәрмегіңізді дайындап алып, оқымасаңыз, өзіңізге өте қиын болады.!”- деген сөзімізді БАҚ-тар “Жыл афоризмі” ретінде атады.
Жергілікті халық билігінің күшеюі - демократиялық дамудың негізгі күші.
Сондықтан да бүгін 29 қарашада Мәслихат сайлауына арнайы барып, өз таңдауымды жасап, дауыс бердім!
Алла жар болсын!
Баршаңызға әрдайым Ақ жол тілеймін!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні