Димаш пен қазақ тілін қорғаған мақаламызды шетелдіктер де қолдауда!

Димаш пен қазақ тілін қорғаған мақаламызды шетелдіктер де қолдауда!

✅ Бізге әсіресе, оның қазақша әндері мен мәдениеті қатты ұнайды - Brenda Manrique

✅ Ресей саясатымен мазаны алуды қашан тоқтатады?!.- Lili Etcheguia

Менің “Ресей әншісі Киркоров Дубайда неге қазақша сөйлеп, ән айтпайды?!.” деген мақалам кеше түнгі 22-ден кейін, оқырман азаятын беймезгіл уақытта қойғаныма қарамастан жарты тәулікте қаралымы 30 мыңнан асып, қазір 43 мыңға жуықтап, хит болуда! Кеше күндіз қойсам, тіпті сұмдық болатын түрі бар екен!

-43 мың қаралым бір тәулікке жетпей;

-1600 қолдау лайк;

-400-дей коммент;

-55 бөлісу;

✅ Бір қызығы, біздің Қазақ тілін қолдап, Қазақ тілінде жазған мақаламызды Димаштың әніне ғашық әнкүйерлері, тіпті шетелдіктер де қолдап, үн қосуда. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестен, Мексикадан испанша жазуда, әр елден ағылшын тілінде де жазып жатыр!

Бір-екеуінің пікірін келтірейін.

✅ Бізге әсіресе, оның қазақша әндері мен мәдениеті қатты ұнайды! - Brenda Manrique

Brenda Manrique, Сізге көп рахмет, Мексикадан испан тілінде жазып отыр екенсіз:

Dimash es un artista de talla mundial adoramos que cante en todos los idiomas que el quiera hacerlo..pero en particular nos encantan sus canciones Kazajas y su cultura con todo respeto incluso Dimash que es internacional nos habla en inglés que es el idioma universal..y en México lo queremos mucho..Sus nuevas canciones son sensacionalista...❤️❤️Dimash rebasa fronteras y no por el idioma sino pos su voz su belleza de transmitir y de tocar almas..

-Мәтіннің қазақша аудармасы:

«❤️❤️Димаш — әлемдік деңгейдегі әртіс, біз оның өзі қалаған кез келген тілде ән айтқанын өте жақсы көреміз. Бірақ бізге әсіресе, оның қазақша әндері мен мәдениеті қатты ұнайды. Барлық құрметімізбен айтсақ, халықаралық деңгейдегі Димаштың өзі бізбен халықаралық тіл болып табылатын ағылшын тілінде сөйлеседі. Мексикада біз оны қатты жақсы көреміз. Оның жаңа әндері керемет (таңғажайып)! ❤️❤️Димаштың дарыны шекараны мойындамайды! Бұл тілге ғана байланысты емес, оның дауысының, сезімді жеткізе білуінің және жанды тебірентетін сұлулығының арқасы.»

Қазақтың ғажайып дарынды әншісіне жазылған осындай шынайы жоғары бағаңыз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамыз! 

Алла жар болсын! Ақ жол!

✅ Ресей саясатымен мазаны алуды қашан қояды?!.- Lili Etcheguia

Lili Etcheguia , Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестен испан тілінде жазып отырған Сізге көп рахмет: “Porqué ponen una foto de Dimash con ese señor??? Por qué no se dejan de molestar con política rusa?”

-«Неліктен Димаштың ол кісімен бірге түскен суретін қояды??? Ресей саясатымен мазаны алуды қашан қояды, қашан тоқтатады?»-деген сұрағыңыз өте орынды, алғысымыз зор! 

Біз Киркоровтың суретін Димашпен бірге теңестіру не салыстыру үшін қойған жоқпыз, “Киркоров Дубайда ән айтқанда неге қазақша айтпайды?” деген сөзімізге нақты құрал ретінде салып отырмыз! Алла жар болсын!

✅ Бұл шетелдіктердің күшті пікірлері Димаштың аяулы анасы, Қазақтың күміс көмей әншісі Света Айтбай қарындасымыздың менің постыма рахмет айтып жазған жазбасының нақты дәлелі болып шықты:

-Қазыбек аға, көп рахмет! Тілге қызмет ету - парыз ғой. Қай елде сахнаға шықса да, ең алдымен қазақтың баласы екенін көрсетіп жүр, шүкір. Бір қызығы, Димаштың фанаттарының арасында қазақ тілін үйреніп жүрген жандар өте көп. Оларға біздің елдің ұстаздары онлайн дәріс беріп, арнайы методикалық нұсқаларын жасап жатыр. Тіпті, бір Австралиялық фермер жылқыларына қазақша ат қойып, қазақша ет жіліктеуді үйреніп алғаны туралы естіп, таң қалдым.”-деп жазыпты Света ханым.

Керемет! Қазақтың маңдайына біткен дарабоз дарынды ұлымызға Алла жар болсын! 

Тілді қолдау - Елді қолдау! Әрқашан Ақ жол тілеймін!

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні