“Ақжол” Қазекеңе емес, Қазекең “Ақжолға” керек - Нағашыбай Қабылбек
2026 ж. 02 қыркүйек
26
0
Қоғам қайраткері Нағашыбай Қабылбек «Ақжол» партиясынан Құрылтайға сайланған сегіз депутаттың қатарында Қазыбек Исаның болмағанына өкініш білдірді. Ол Қазыбек Исаның мол депутаттық тәжірибесі, ұлттық ұстанымы, қазақ тілі мен елдік мәселелердегі батыл позициясы Құрылтай жұмысына қажет екендігін атап өтті.
Төменде автор пікірін оқырман қауымға ұсынамыз:
Өз басым “Ақжол” партиясының сегіз мандатының бірі Қазыбек Исаға бұйырады ғой деп ойлағам! Шыққан шешімді көріп көңілім пәс тартты!
Жоо, жооқ, мандат иеленген сегізді қомсынып тұрғам жоқ! Бәлкім бірі кәсіпкер, бірі беделі асқақ мықты болар!
Әйтседе депутаттық тәжірибесі мол, ұлттық ұстанымы зор, кесіп айта да білетін, ашуынан қайта да білетін, дипломатиясы мығым, қазақтың тіліне келгенде сайын дала еститін үнін, Қазыбек Исаның “Ақжолдан” көрінбегені кәдімгідей көңілімді түсіріп жіберді!
Құрылтайға да тіл үшін, діл үшін күресетін керек еді біреу!
Біздікі тек жақсылық тілеу!
Меніңше “Ақжол” Қазекеңе емес, Қазекең “Ақжолға” керек еді!
Бір кем дүние!
Нағашыбай Қабылбек,
Фейсбук парақшасынан