Ел ықыласына бөленген Ер
2026 ж. 01 тамыз
83
0
Кеше Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болдым. Бұған дейін де болғанмын. Алды кең басшы ғой, жұмыс кестесі тым тығыз болса да біраз мәселелер бойынша пікір алмастық. Соның ішінде өзім туып өскен Шиелі ауданындағы халқы тығыз қоныстанған Балаби, Бәйгеқұм, Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе, М.Шоқай, Бірлестік ауылдарын табиғи газға қосу жұмыстары тым кешеуілдеп бара жатқанын тілге тиек еттім.
Нұрекең мемлекеттік қызметімнің алғашқы дербес баспалдағы осы Шиелі ауданының әкімі лауызымынан басталғанын айта келіп: “Аға, сіз айтып отырған елді мекендерге биыл қаржы бөлдік, жетпей жатқан қаржыларды да қарастырамыз, келер жылы осы ауылдарға толық табиға газ жеткізетін боламыз, мемлекет басшысының да ұстанымы мүмкіндік болғанша ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамассыз етуді жылдам іске асыру. Өзіңіз айтқан ауылдардағы халыққа осы сәлемімді жеткізерсіз” деді.
Арасында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, осы ауылдарға жүргізілетін газ құрылысына байланысты не жасалып жатқанын да сұрап алды. Міне азаматтылық, Нұрекең уәде берсе орындалады. Сырдария өзеніне салынатын екінші көпірді биыл бастайтындығын, сонымен бірге Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы автожолды төрт жолақты жолға айналдыру екі жылдың ішінде жүзеге асатындығын жеткізді.. Одан басқа еліміз үшін алдағы жылдары іске асырылатын ауқымды жобалар туралы ақпарат берді. Президентіміз айтқандай Қазақстанның барлық өңірлері құрылыс алаңына айналуда. Жаратқан иеміз берекесін берсін дейік.
Екі ауыз сөз Нұрлыбек бауырымыз туралы айта кетсем. Нұрекеңді ширек ғасырдан астам жақсы білемін. Қызылорда облысын төрт жыл басқарған тұста өңіріміз, оның ішінде Қызылорда қаласы адам танымастай түрленді, жаңарды. Дарияның сол жағалауына сәулеті келіскен жаңа қала салынды. Осы төрт жыл ішінде өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысандар іске қосылды. Тәуелсіздігіміздің отыз жылында мұндай обьектілер салынған емес. Облыс бюджеті 346 млд. теңгеден 851 млд. дейін ұлғайды. Бұл сандардың артында тынымсыз еңбек жатқанын көбіміз біле бермейміз. Нұрекеңнің бойында табиғи ұйымдастырушылық қасиет, ойға алған мақсатын орындамай қоймайтын табандылық, тәуекелшілдік пен темірдей тәртіп, жаңашылдық пен қарапайымдылық, ең бастысы мемлекетшілдік менмұндалап тұрады. Халқымызда “билік иесінің қадірі билікке келгенде емес, кеткенде білінеді” деген қанатты сөз бар. Облыс әкімдігінен басқа қызметке ауысып кетсе де, қарапайым халық арасында Нұрлыбек бауырымызға деген қимастық сөздер жиі айтылады, мұны халықтан сатып алалмайтын АБЫРОЙ деп түсінемін.
Әрбір адамның несібесі болады. Несібе адамның мінезіне, ақыл-парасатына, еңбекқорлығына, біліміне байланысты болмақ. Сондықтан да адамның тағына талассаң да, оның несібесіне бағына таласа алмайсың. Сыр халқы сізбен мақтанады! Алла берген несібеңіз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне қызмет ете берсін Нұрлыбекжан!
Мұрат Бақтиярұлы,
Фейсбук парақшасынан