"А" корпусі аламанында құлаған әкімдер мен басшылар...

 

   Елбасы биылғы жылдың 7 наурыздағы қаулысымен Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке А корпусының әкімшілік қызметкерлеріне қойылатын арнайы талаптарды бекітуді тапсырған болатын. Артынша сәуір айында елімізде тұңғыш рет А әкімшілік корпусына талапкерлерді іріктеу үшін байқау жарияланды. А корпусының әкімшілік қызметкерлеріне қойылатын арнайы талаптарға білімі мен тәжірибесі, кәсіби деңгейі, заңдарды білу біліктілігі, стратегиялық бағыттағы бағдарламалық құжаттарды меңгеру дәрежесі жатқызылады. "А" корпусына кандидаттарды  іріктеу 15-26 мамыр аралығында өтті. Тест тапсырғандардың әр күні үштен бірінен астамы құлап жатса, кейбір күндері жартысына жуығы өте алмады. Сонымен бүгін біз "А" корпусі аламанында құлап қалғандардың өзімізге белгілі болған бірқатарын жариялап отырмыз. Индустрия және жаңа технология министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Қуат Танысбаев, Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Ерлан Мұратов, Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің төрағасы Тимур Жантикин, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев; Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеттің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев; Денсаулық министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Дәулетхан Есімов, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Серікқали Бисақаев; Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласына бақылау жасау комитетінің төрағасы Серік Ирсалиев; Аймақтық даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Қадырхан Отаров; Статистика жөніндегі агенттіктің жауапты хатшысы Нұрболат Айдапкеловтер өз лауазымдарына лайықсыз екенін көрсетті. Аймақтардағы әкімдердің аппарат жетекшілерінен Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Болат Жұпынов пен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі Жалғас Мырзағалиев; Астана қаласы бойынша Алматы ауданының әкімі Павел Кулагин мен Сарыарқа ауданының әкімі Ермек Оспанов; Ақмола облысы бойынша Жақсы ауданының әкімі Ибрагим Қабдығалиев, Ерейментау ауданының әкімі Лашынтай Дүйсенов, Шортанды ауданының әкімі Саят Қамзебаев; Ақтөбе облысы бойынша Алға ауданының әкімі Қабай Сәрсенғалиев, Байғанин ауданының әкімі Марығали Аққағазов; Алматы облысы бойынша Ақсу ауданының әкімі Әскербек Дүйсенбаев, Балқаш ауданының әкімі Айтбай Көшкінбаев, Ескелді ауданының әкімі Қобылан Манапов, Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, Көксу ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов және Текелі қаласының әкімі Қаныбек Айтжанов; Атырау облысы бойынша Индер ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев пен Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бесқарағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов, Қатон-қарағай ауданының әкімі Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі Серік Төленбергенов және Серебрянск қаласының әкімі Сергей Гордиенко, Курчатов қаласының әкімі Александар Генрих, Риддер қаласының әкімі Манарбек Сапарғалиев; Жамбыл облысы бойынша Жуалы ауданының әкімі Батырбек Күлекеев, Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле, Мерке ауданының әкімі Сапарғали Жұмағұлов, Мойынқұм ауданының әкімі Сәкен Арубаев, Талас ауданының әкімі САйтқазы Қарабалаев; Батыс Қазақстан облысы бойынша Бөкейорда ауданының әкімі Нұрлан Сабыров, Жәнібек ауданының әкімі Берік Есенғалиев, Зеленский ауданының әкімі Марат оңғарбеков, Казталовка ауданының әкімі Рыспай Өтешев, Қаратөбе ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин; Қарағанды облысы бойынша Бұқар Жырау ауданының әкімі Шағурашид Мамалинов, Осакаровск ауданының әкімі Сержан Аймақов және Саран қаласының әкімі Сергей Касимов, Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Идрисов; Қостанай облысы бойынша Әулиекөл ауданының әкімі Жомарт Нұрғалиев, Денисовский ауданының әкімі Виктор Ионенко, Жетіқара ауданының әкімі Қуандық Испергенов, Қамысты ауданының әкімі Ербол Ахметов, Меңдіқара ауданының әкімі Николай Денинг, Сарыкөл ауданының әкімі Азамат Тұрсынов  және Арқалық қаласының әкімі Қанат Ғабдулин; Қызылорда облысы бойынша Қармақшы ауданының әкімі Мұрат Имандосов; Павлодар облысы бойынша Железинский ауданының әкімі Қайрат Нүкенов, Ертіс ауданының әкімі Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі Төлеген Бәстенов; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Айыртау ауданының әкімі Амантай Сейфуллин, Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев, Жамбыл ауданының әкімі Саят Әшімов, Есіл ауданының әкімі Ерік Нұрақаев, Тайыншы ауданының әкімі Иван Турков; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Шымкент қаласы Абай ауданы мен Еңбекші ауданының әкімдері, Бәйдібек ауданы мен  Отырар ауданының әкімдері  аламан сынақтан  сүрінді. Сондай-ақ, тестілеудің бірінші кезеңінен Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктері-Тәртіптік кеңес төрағалары да құлады. Облыстық тексеру комиссияларының бірқатар басшылары да кәсіби деңгейлерінің төмендігін дәлелдеді. "А" корпусы тесті  қорытындысы бойынша пайызға шаққанда  бір де бір әкімі құламаған Алматы қаласы, 17 әкімі бар Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы басшыларының сауаттылығы озық көрінді. Ал 9 әкімінің жартысынан астамы - 5 әкімі құлаған Жамбыл облысы, 7 әкімі құлаған Қостанай облысы, 6 әкімі сынақтан өте алмаған Алматы облысы, әрқайсысында 5 әкімнен  құлаған Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы аламанның артында шаңда қалды. Лауазымдары «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметшілер қатарынан 511 адам осы корпусқа іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырды. Олардың ішінен 155 кандидат, яғни 30% шекті мәннен өте алмады. "А" корпусы аламанында аттан құлаған атқамінерлердің  арасында 54 аудан-қала әкімдері, 8 комитет төрағасы, 1 жауапты хатшы және т.б. лауазым иелері бар. ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуынша: "Мемлекеттік қызметтерді тестілеу барысы мейлінше ашық жағдайда өтті. Жоғарыдан да, басқа жақтардан да қысым болған жоқ. Ал, тестіден өтпей қалған мемлекеттік қызметкерлер Келісім-шарттарының аяқталуын күтпей-ақ, яғни, үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегіне дейін қызметтерінен босатылуы мүмкін. Олардың орындарына комиссия іріктеген резервтегі мемлекеттік қызметкерлер тағайындалатын болады". Тектілеудің қортындыларын ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменов сәрсенбіге, 29 мамырға  белгіленген баспасөз басқосуында жариялайды.

"Қазақ үні" газеті

www.qazaquni.kz