БІЗДЕ АУЗЫН АШСА, АУАНЫ БҮЛДІРЕТІНДЕР ДЕ ЭКОЛОГИЯ ПАРТИЯСЫН БАСҚАРАДЫ?!.
2026 ж. 18 шілде
92
0
✅ Партиялардың бәрі «Ақ жолға» қара күйе жағып жатқанына қарағанда, сайлаудағы ең басты партияны барлығы біліп отырған секілді...
Иә, бізде аузын ашса ауаны бүлдіретіндер де, экология партиясын басқара береді?!.)))
Сарнаған сайын сасытып, қоршаған ортаны қорғаймын деп, қоғамдық экологияны аузымен өзі бұзып жүретін «Байтақ» деген «партияның» өзін-өзі сайлап алған төрағасы Азаматхан Амиртай дегенің тағы да бүлдіріп отыр...
✅ Өткенде «Байтақтың» батпаққа батып, дау-жанжалға толған бір сиезі жарамай, үш күнде екі сиез өткізгенін елдің бәрі көріп, «мұндай да партия болады екен ғой» деп таңғалған еді...

Бірінші күнгі сиезде Азаматханның күзетшілерімен алысып-жұлысып мінбеге шыққан «Байтақ» партиясы саяси бюросының мүшесі, белсенді Асқар Иманалиев «Байтақ» партия төрағасы Азаматхан Амиртай орнынан кетсін! Сенімді ақтамады, жаңа төраға сайлаймыз!»-деп, бір топ делегаттардың талабын қойды. Ал содан делегаттардың жартысы мінбеге ұмтылды, дау-жанжал, айқай-шу, төбелес, төрағаның әйелінің асүйде емес... партия мінбесіне шығып алып, айқайлап жылауы, есік алдында заңды делегаттарды, тіпті партия филиалдары басшыларын сиезге кіргізбей күзетшілердің жағаласуы, несін айтасың, қаптаған журналист тегін концертке қарық болды да қалды ғой...

✅ Бұндай «Байтақтың» базар сиезін көрген де арманда, көрмеген де арманда!)))
Тіпті, Құрылтай сайлауына кандидаттық тізімге кіріп, сиез ресми бекіткен Байтақтың» өзі бар-жоғы 51 мүшесінен төбедей 4 мүшесі: «Бізге мұндай масқара партияның атынан Құрылтайға кандидат болу ұят, кандидаттығымызды қайтып аламыз!» деп, тапайдың тал түсінде тізімнен шығып, партияны тастап кетті!?.
Бұл енді бұрын-соңды парламент сайлауы тарихында болмаған масқара!
«Ойпырмай, «Байтақтың» бәрі байбаламшылдар ғой, төрағасынан бастап көшеде жүрген көп шуылдақтар секілді... Бұлардың есі дұрыс партия құра алмай жүріп, Құрылтайда несі бар?»-деп, жағасын ұстаған жұрт жарыса жазды... Журналистерге біраз күнге қырғын қызық, қыруар азық табылып, аямай сынады.

Не істерін білмей қалған «Байтақшылар» бір-екі күн өткізіп барып, есік-терезесін тарс жауып алып, екінші сиезін кворумға сай болмаса да, қырық өтірік қосып, зорға өткізді. Ойдан-қырдан құрап, басқа партиялардың тізіміне ілінбей қалғандарды жинап алып, «мейлі, әйтеуір тізімде болсам болды, ертең той өткізгенде құдалардың алдында «депутаттыққа кандидаттық тізімде бармыз» дегенге жақсы болады» дегендерді де қуалап жүріп қосып алып, 47 адамның тізімін жасаған болды ғой...
✅ Енді, сол, екі күндік сиез шайқасынан кейін есін әлі толық жинамаған «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртай деген көзі қарайған байғұс ең белгілі партия «Ақ жолға» қара күйе жағыпты ғой... Қазақша дұрыс сөйлей алмай отырған сұқбат алғыш “журналисі” кім екенін де білмедік, қай жерден тауып алып, жалдағаны белгісіз біреу...
Амиртайға кімдердің қандай «ақыл» айтып, тапсырма бергені белгілі ғой... Бұны арқасынан қағып, айтақтап қойсаң болды, «Құлды бәрекелді өлтіреді» дегендей, алды -артына қарамай аузына келгенін оттай береді...
✅ «Өлетін кәнден қасқырмен ойнайды» деген осы ғой енді...))) Негізі сайлау басталғалы «Ақ жолға» қарсы шәуілдегендер көбейіп кетті, бәрі тапсырыс орындауға кезекке тұрған-ау деймін...
Партиялардың бәрі келісіп алғандай, «Ақ жолға» тас лақтырып жатқанына қарағанда, сайлаудағы ең басты партияны барлығы біліп отырған секілді...
✅ Бұл қазір сайлау кезінде аяқ астынан қазақ тіліне қамқор болғансып, ақылы тасып, аузы сасып, қоршаған ортаны қорлап отырған “эколог” Азаматхан Амиртай кезінде 2019 жылы Астанадағы билік рұқсат берген алғашқы митингіде мемлекеттік тіл туралы айтпақшы болған тіл жанашыры, заңгер Жасұлан Исаны сөйлетпей, қазақ тіліне қарсы шыққанын ұмытып қалған болар...
Ендеше, оның кіресілі-шығасылы есіне тағы бір салып қоюға тура келеді...
Кезінде тіл жанашыры Мұқағали Балқыбай бұл қазақ тіліне қарсы шыққан Азаматхан Амиртайдың видеосын өзінің Фейсбук парақшасына нақты дәлел ретінде салып қойған, астындағы пікірлерде жұрт терісін тірідей сыпырған.
Ал Жасұлан Исаның өзі де фейсбук парақшасы мен “Қазақ үні” сайтында “ӘМІРТАЙ КІМНІҢ ӘМІРІН ОРЫНДАП ОТЫР?” деп, оның қазақ тіліне қарсы шыққанын әшкерелеп, тас-талқанын шығарған еді:
«Кезінде, 2019 жылы Астанадағы алғаш өткен митингіде, Мемлекеттік тіл резолюцияда болуы керек және айтылуы да керек дегенім үшін осы Азаматхан Әміртаймен сөзге келіп қалған болатынмын. «Тіліңді қоя тұр» деп, мені тыйып тастап, айтқанынан таймай отырып алған болатын. Қаным басыма шығып, Қазақ тілі үшін күрестің басында жүрген Қазыбек Иса ақынға телефон соқтым. Қазекең: "Қазақ тіліне қарсы шығатын ол кім екен? Қазақ тілін айтпаса, ондай митингінің не керегі бар? Ешкімді тыңдамай, мемлекеттік тіл мәселесін айтқын" деп, мені қайрап жіберді. Азаматхан болса, резолюцияларында Қазақ тілінің болуына үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ, митингіде, берілген төрт минуттарын пайдаланып, Тіліміз жайлы айтып өттім. Бұл факт! Енді сол қазақ тілі мәселесін көтеруге қарсы болған Азаматхан Әміртай қазақ тілінің жайын ойлағансып, қазақ тілінің қайсар қорғаушысы Қазыбек Исаға қарсы шығыпты... Күлесің бе, жылайсың ба, мұндай бейшара тапсырыс орындағышқа? Әрине, біреулердің заказы екені анық көрініп тұр. Бұл байғұстың қалай саясаткер болып жүргеніне менің таңым бар?! ...
Шынында да, өзінің аты-жөнін, атасының атын, қызметін қазақша жазуға шамасы жетпеген адам Қазақ тілінің, Ұлттың жанашыры болады дегенге кім сенеді? Біз ғой, оны "Әміртай" деп атасының атын қазақша дұрыс, тура, сауатты жазып отырған. Әміртай ақсақал тіріліп келсе немересі Азаматханды: "Менің азан шақырып қойған атымды Амиртай деп орысша бұрмалауға кім саған рұқсат берді сауатсыз?" деп қамшының астына алар еді... «Амиртай болма! Әміртай бол!» деп, кеңес бергім келеді.»- деп Жасұлан Иса жайратып салған еді...
✅ Иә, ол, Азаматхан Амиртай қазақ тілі үшін күресіп келе жатқан маған да қарсы жала жапқан кезінде. Енді “Қазыбек Исаға ақыл айтқанмын, партияны таратып жіберу керек” деп қояды?!)))
Ойдойт, шіркін, ақылшысын қарай гөр?!. “Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” деген осы ғой?! Таратып жіберетін партияны өзі күнде жұмысында көріп, мүшелерімен жағаласып жүргесін, бұдан басқа бұл байғұс не айтсын енді?)))
Бұған кімдердің сүйек лақтырып, “Ақ жолға” қарсы “фас” деп, шәуілдетіп отырғанын да жақсы білеміз ғой!
✅ Бұл қалай маған ақыл айтады, кезінде өзінің «топас» екенін өзі мойындап, мені сотқа бермекші болып жүріп?))) Иә, 2021 жылы парламентке бара салып, мемлекеттік тіл мәселесін көтергенімде қазақ тіліне қарсы біраз тиынға тісін сындыратын тапсырма орындағыштар маған тас лақтырған еді. Сонда мен парақшама “Мен сүйенері сүйек лақтырған жалақор топасқұлдармен айтыспаймын” деген бір сөйлемнен тұратын мэм қойғанымда, бұл Азаматхан Амиртай дегенің елді таңғалдырып: “Қазыбек Иса парақшасында «топасқұл» деп мені айтты, мен оны сотқа беремін!”- деп, өзінің парақшасына жазып масқара болған ғой. Ал мен ешкімнің атын атаған жоқ едім...
Кейін сол кезде менен депутат ретінде алғаш сұқбат алған сол кездегі өткір журналист, кейін парламенттегі білікті де, сенімді әріптесім болған Нартай Аралбайұлының маған алғашқы сұрағы да осы «Сіз жазған топасқұлдар кімдер екен деп жүрсек, өздері «мені айтты» деп мойындап, сізді сотқа бергелі жатыр ғой?» деп күлдірген еді...
✅ Сондай, әлемде алғаш рет өзінің топасқұл екенін ресми түрде өзі мойындап, заң орындарына жүгінбекші болған сабаз Амиртайың енді улыған-шулыған сиезінің тізімін бастап, Құрылтайға түспекші ғой?!. «Жүре берсең, көре бересің» деген осы ғой?!.
✅ Заң шығарушы Парламентті лаң шығарушы «Байтақтың» батпаққа батқан сиезі деп ойлап жүрген шығар...
Мейлі, аяғымен емес, аузымен жүрсе де, аман болсын, әйтеуір...
Қоғамдағы бұзылған экологияны өзіміз бірдеме ғып тазартып алармыз...
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні