Әлемдегі ең мықты әкім - Маңғыстаудың әкімі!

Әлемдегі ең мықты әкім - Маңғыстаудың әкімі!

✅Өйткені, шопырының өзі Джеки Чан!

Жарайсың Nurdaulet Kilybay бауырым! Астанадағы Алмас Алтай секілді інілеріне "Елге Джеки Чан ағаларымыз келіп жатыр, амандасып кетпейсің ба"-деп,әлемге әйгілі қытай жұлдызын қазаққа айналдырып жіберіпті?! Тіпті, Жеки Чанды жегіп алып, шопыры қылып алғанын айтсайшы, қымыз ішкізіп қойып?!. Нағыз қазақ екен екеуі де!!! 

“Шопырыңыз тәуір екен, кеше көріп таңғалып, сүйсініп қойып ек!”-деген Алмасқа Нұрекеңнің айтқаны: 

- Ой, Жәкеңнің қарапайымдылығына бәріміз таңғалып. Негізі, протокол бойынша екеміз де артқа отыруымыз керек еді ғой. Ағамыз алға отырып, жер көріп барғысы келгендей болды. Рөлге өзім отырғалы жатыр ем, Жәкең "мен айдап көрсем қайтеді" дегенде шалқамнан түсе жаздадым. "Жоқ, өзім" деу ұят үлкен кісіден, бере салайын десем айлапат абыройлы адамға бірдеңе болып, тағы бәлеге қалар ма екем деп... Әуежайдан қалаға дейін 20 минут жүреміз ғой, ой, екі сағат жүргендей болып берекетім кетті”-дейді.

Әлемдегі ең мықты әкім болып тұр Маңғыстау облысының әкімі біздің Нұрекең! Өйткені, шопырының өзі Жеки Чан ғой!

Көкейде бір ғана сұрақ қалды? Маңғыстау облысы әкімінің жүргізушісі жұмыссыз қала ма енді?

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні