Қазыбек Исадан сөз естіген вице-министр қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты

Қазыбек Исадан сөз естіген вице-министр қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты

Вице-министр Жақсылықова депутаттың сынынан кейін қазақ тілін репетитормен оқи бастағанын айтты.

Бұл туралы мемлекеттік қызметкер bes.media тілшісіне мәлімдеген. 

Ол алдағы уақытта сұрақтарға мемлекеттік тілде жиірек жауап беруге тырысатынын атап өтті.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның өткір сынынан кейін қазіргі уақытта мемлекеттік тілді репетитордың көмегімен үйреніп жүргенін мәлімдеді.

Тілді қандай әдістемемен меңгеріп жатқаны туралы сұраққа жауап берген ол мемлекеттік тілді оқытудың стандартты бағдарламасы бойынша репетитормен айналысып жүргенін жеткізді.

Жакселекова мемлекеттік тілде жауап беруге тырысатынын, алайда кейде кәсіби терминологияны қолдануға байланысты қиындықтар туындайтынын түсіндірді. Сондықтан кейбір жауаптарға алдын ала қосымша дайындалуға тура келетінін айтты.

Еске салайық, биыл мамыр айында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қазақ тілінде қойылған депутаттық сауалдарға орыс тілінде жауап бергені үшін Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықованы сынға алған болатын.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "ӘДІЛЕТ вице-министрінің МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУІ - ӘДІЛЕТСІЗДІК!" атты мақала жариялаған болатын. 

- Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда Мемлекеттік тіл Қазақ тілі екенін білмейсіз бе?!. Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес - орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті, Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз?!!.

Келесіде парламентке келгенде Мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз, немесе Әділет минис рлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін! - деп вице-министрді тыйып салған болатын Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Қазақ үні