Азат Перуашев "Ақ жолды" ықпалды саяси күш ретінде қалыптастырды
2026 ж. 15 маусым
131
1
Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың «Ақ жол» партиясына сіңірген еңбегі өте зор әрі елдің саяси дамуы үшін айрықша мәнге ие. Ол партияны ұзақ жылдар бойы басқарып, оны кәсіпкерлік мүдделерді қорғауға, экономикалық еркіндік пен әділетті бәсекені қолдауға бағытталған ықпалды саяси күш ретінде қалыптастырды.
Оның жетекшілігімен партия Парламент мінберінде шағын және орта бизнестің мәселелерін жүйелі көтеріп, экономикалық реформаларды ілгерілетуге, заңнаманы жетілдіруге және қоғамдағы өзекті түйткілдерді ашық талқылауға тұрақты түрде атсалысты.
Сонымен қатар, ол саяси пікір алуандығын дамытуға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және қоғам мен билік арасындағы диалогтың кеңеюіне ықпал етті. Бірқатар бастамалары нақты заңнамалық шешімдерге негіз болып, реформалардың жүруіне серпін берді.
Әрине, он бес жылдық қажырлы қызметтің барлық қырын бір мәтінде толық қамту мүмкін емес, дегенмен осы еңбектің ел дамуындағы орны айрықша.
Танымал саясаткердің Дәния Мәдіқызына сенім артуы – оның кәсіби білімі мен қабілетіне берілген жоғары баға, ал «Ақ жол» партиясының бұл шешімі орынды әрі салмақты қадам деп білемін.
Қайыр Қабыланбай,
Инстаграм парақшасынан