Нәлібаевтың қандай басқарушы екенін атқарған игі істері көрсетеді

Нәлібаевтың қандай басқарушы екенін атқарған игі істері көрсетеді

Нұрлыбек Нәлібаевтың Премьер-министрдің бірінші орынбасары болуы көп нәрсені аңғартады.

Меніңше бұл жерде ең басты мәселе оның шаруашылыққа жақын адам екені.

Қазір елге осындай кадрлар керек. Себебі халық үлкен сөзден шаршады. Халыққа мектеп керек. Жол керек. Жұмыс керек. Ыстық су керек. Таза қала керек. Инвестиция керек. Баласына спорт кешені керек.

Қызылордада соңғы жылдары осы бағытта нақты жұмыс болды.

Облыс бюджеті 809 млрд теңгеге жетті. Даму бюджеті 47 млрд теңгеден 202 млрд теңгеге дейін өсті. Соңғы үш жылда 1,6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Тек 2025 жылы 774 млрд теңгеден астам инвестиция келген.

Бұл оңай көрсеткіш емес.

Мектеп жағынан да нақты нәтиже бар. 2022 жылдан бері 43 жаңа білім беру нысаны салынды. “Келешек мектептері” бойынша 10 мектеп ашылды. Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді.

Жолға келсек, 1600 шақырым жол мен 30 көпірге 144,7 млрд теңге бөлінген. Қызылорда-Жезқазған жолының 216 шақырымы жаңартылып пайдалануға берілген.

Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Бұл да жай ғана ғимарат емес. Бұл өңірдің келбеті, логистикасы, инвесторға ашықтығы.

11 мың орындық жаңа стадион салынды. 24 спорт кешені бой көтерді.

Міне осындай жұмыстың бәрі Нәлібаевтың қандай басқарушы екенін көрсетеді.

Бір сөзбен айтқанда, ол қағаздағы әкім емес, объектінің әкімi болды.

Енді осы тәжірибе республикалық деңгейде қажет.

Сәбит Рыспаев,

Фейсбук парақшасынан