МАЖАРЛАР - «ОРЫСТАР, ҮЙЛЕРІҢЕ ҚАЙТ!»
2026 ж. 14 сәуір
111
0
Мажарстанның астанасы Будапештте парламенттік сайлауда жеңіске жеткен оппозициялық «Тиса» партиясының жақтастары Мажар халқының 1956 жылғы басқыншы Кеңес Одағына қарсы қолданған «Орыстар, үйлеріңе қайт!» деген тарихы ұранын қайтадан жаңғыртты. Өйткені Мажарлар Тиссаның Орбанды жеңуі арқылы Путиннің Еуропаны әлсірету жоспарын бұзып, өткен ғасырдағы тарихты қайталадық деп қуанып, тарихи сәтті қызу тойлауда.
Сол себепті болса керек Кремль ресми түрде Мажарстанда парламенттік сайлауда жеңіске жеткен оппозициялық «Тиса» партиясының көшбасшысы Петер Мадьярды құттықтаудан бас тартты.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Масарстанды «недружественная страна»(Дос емес ел) деп атады. Бұған біржағынан Мажарстанның Ресейге қарсы салынған халықаралық санкцияларды қолдауы да түртркі болғанға ұқсайды. Песковтың айтуынша, Мәскеу «дос емес елдерге» құттықтау жолдамайды. Кремль өкілі Мәскеудің бұрынғы премьер-министр Виктор Орбанмен ғана диалог жүргізгенін, ал жаңа басшылықпен тек «прагматикалық байланыстар» орнатудан үмітті екенін білдірді.
Еуропалық Одақ елдерінің басшылары болса керісінше, Петер Мадьярды парламенттік сайлаудағы жеңісімен белсенді түрде құттықтап, орыстардың жақтасы Орбанның биліктен кетуіне қуаныштарын жасырмады. Олар бұл оқиғаны «Мажарстанның Еуропалық жолға қайта оралуы» деп бағалауда.
Өмірхан Алтын,
Фейсбук парақшасынан