ҚАЗАҚ ОТБАСЫНЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
2026 ж. 16 ақпан
99
0
Кеңес кезінен бермен қарай санамызға әбден сіңісіп қалған осы бір қанатты сөздің мәніне, әрине, жас кезде көп адам үңіле бермейтіні белгілі. Ал, шын мәнінде осы ұғымның мағынасы өмірдің өз заңын айтып тұр. Рсында да, сол «шағын мемлекеттің» басшысы, оны құрайтын өкілдері қандай болса, мемлекет те сондай болмақ, сол арқылы мемлекеттің болмысы, мінезі қалыптаспақ.
Қазіргі заман көзімен қарасақ, сол мемлекеттің құрамы толайым өзгерді.
Нақты айтқанда, қазақ отбасының құрылымы күрделі өзгерістерге ұшырады. Олай дейтін себебіміз, бұрынғыдай ата-әже дегеніңіз, оның ертегісі, ақыл-кеңесі деген аса сезілмейді, не болмаса мүлдем жоқ. Тіпті, кейбір отбасының тілі де, діні де әртүрлі. Бұлай болғаннан кейінгі жерде отбасы мүшелерінің отбасын құру, өмірге деген көзқарасы, тіршілік ету тәсілі туралы түсінігі, танымы да әртүрлі, ала-құла болатыны әркімге де түсінікті.
Қысқасы, Крыловтың мысалындағыдай «аққу – көкке, шортан – көлге, шаян – шөлге» тартпай ма? Қысқасы, мұндай отбасының ұлттық дәстүрге сай құрылып, тірлік етуі туралы қандай әңгіме болуы мүмкін? Мұндай отбасы мемлекеттің демографиялық саясатына қандай үлес қосады? Мұндай жағдайда толыққанды қазақ отбасының қалыптасуы мүмкін бе?
Екінші бір мәселе – аралас неке. Қазақ отбасының таза моделін жасауға ең басты кедергінің бірі осы.
Бұл да жаңағы жағдайда айтқанымыздай, тілі, діні, ділі әртүрлі дүбәра отбасылардың қатарының біріне жатады. Аралас некенің сәтті болуы екіталай екендігі ғылымда әлденеше рет дәлелденген.
Әрине, кейбіреулер «казақтың ұлы адамдарынан басталған жоқ па осы үрдіс» деуі де мүмкін. Ол рас. Бұл да қазақ отбасының тарихындағы бір күрделі құбылыс, кезең деп қарау керек.
Дейтұрсақ та, талай ағаларымыздың өзге ұлттан алған жеңгелеріміздің халқымызға сіңісіп, үлгілі отбасы болғанын, балаларын қазақы рухта тәрбиелеп, мұсылмаңдыққа өтіп, талай иманды шараларды атқарғанына да дәлел аз емес. Әрине, аралас некеге байланысты мемлекетте ашық саясат жүргізілмес, бір қарағанда, бұл әркімнің құқын шектеуге де апарып соқтыруы мүмкін. Алайда тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, бұл өзі отбасында ерте бастан санаға сәуледей құйылатын іс.
Тақырыпқа тамызық болсын, ілгеріде өткен мына бір әңгімеге ден қойыңызшы.
Қазақтың «мен» дейтін бір жігіті бір ауданда дөкей бастык еді. Байлық жетеді. Үйді салуындай салдырған, бір жаныңа керектің бәрі бар. Бірақ, есігінен бір қазақ қарамайды. Зайыбы – өзге ұлт өкілі. Өте қаншыл, өз ұлтын өнебойы мақтап, мадақтап, биікке шығарып сөйлейді. Шынында да солай. Ұлтта кінә жоқ, мықты.
Бірде әлгі жігіттің зайыбының туған күні болды. Қуанышын бөліскендер – өзге ұлт өкілдері. Қазақша тілек айтылмады, ән салмады. Амал жоқ, жетесіз ұлға айтқаның жетпейтін болған соң жеті түнде дастарханды тастап шықтық.
Кейінгі кезде әлгінің зайыбы Отанына көшемін деп қиғылық салып жүр. Әлгі жазған ең алдымен байлықты, сосын балаларын қимайды. Мәселенің бәрін әйелі баяғыда шешіп койған. Баласы не қазақ емес, не басқа емес, дүбәра. Тәрбие-шешеден, әке тек киіндіріп, ішіндіргенді ойлаған. Енді қазеқемде байлық та, бала да жоқ. Қазақтың бір байының осылайша күні батты.
Әрине, кімнің кімге үйленгенінде де шаруамыз жоқ. Махаббат, тағдыр шығар. Ұлт арасына сына қаққалы да отырған жоқпыз. Өмірдің өз мысалы, шындығы солай сөйлейді. Нәрестенің жазығы не, ол неге казақ болу қалпынан айрылуы керек?
Қайсыбір жылы Колбин Казақстанды басқарғанда осы мәселе күшейіп кетті. Ол қазақтың рухын түсіру үшін түрлі әрекеттерге барды. Ұлттық музыка өнерінің «мұзжарғышы» Құрманғазы оркестрінің репертуарына дейін араласты. Әрине, оған ақыл косқан – интернационалист қазақ.
Осының өзі, Темірхан Медетбек айтпақшы, ұлттық рух үшін коммунистік қоғамда интернационализм қандай қауіпті болса, демократиялық қоғамда космополитизм сондай қауіпті екендігін естен шығармауымыз керек.
Бәзбір ғалымдардың айтуынша, аралас некеден туған балада көбіне бауырмалдық, отаншылдық, патриоттық сезім кемшін болады, жалтақ боп өседі екен. Сол рас па деймін. Ер адамның өмірі көбіне түзде өтетінін ойласақ, отбасындағы бала тәрбиесі әйелдің қолына көшетіні талас тудырмайды.
Атақты демограф М.Тәтімовтің осыдан талай жылдар бұрын мынандай дерек келтіргені есімде. Ол кісінің айтуынша 9 мың бала әкесі қазақ, шешесі басқа ұлттан – аралас некеден туған. 6 мың қазақ әйелі басқа ұлттағы ерлерден, яғни, аралас некеден бала тапқан. Сонда он бес мың қазақ еркектері мен әйелдерінің бір жылға шаққандағы тірлігі осы. Алайда, осынша баланың ұлттық тәрбие алатынына кепілдік бар ма? Бұдан кейін ұлттық менталитет туралы әнгіме болуы мүмкін бе?
Кезінде Өзбекәлі Жәнібеков Жазушылар одағының бір пленумында аралас некенің интернационализм көрінісі емес, оның астарында «трагедия» барын, ондай азаматтардың елдік, ұлттық мүдде тұрысынан ойлауы кемшін соғып жататынын айтқан еді.
Мұндайда моральдық-психологиялық ахуалдың бір қалыпта болмай, ұлттық намыс, мүдде секілді қасиеттердің кейінге ысырылып калатыны дәлелденген шындық. Жұрттың бәрінің әйелі Мәриям Жагорқызы дейсіз бе? Тіл білмейтін, әйелі өзге қазақ әдетте ортадан саяқ жүреді.
Біз бәрін сабырға жеңдірген халықпыз. Біз осылай деді екен деп ешкім де жер ортасына келгенде тілін түзеп, әйелін талақ етпес. Баянды, бақытты болсын. Бірақ, ендігі ұрпақ осы бір ұлт жүрегіне түскен таңбаны қайталауға хақылы емес. Егер ұлт саны ғана емес, сапасы да керек болса бұдан басқа жол жоқ. Қазақтың қазақтан ғана туатынын шын ескеретін уақыт жетті ғой. Жүрекке әмір жүрмейді, әрине. Дегенмен жұмыс та істеуіміз керек кой.
Мені қуантқаны – үкімет тарапынан қазақ отбасының жаңа моделін жасау туралы тұжырымдаманың қолға алынуы. Тұжырымдаманың осындай мәселелердің де бетін қайтаруға септігі тиіп жатса, қанеки.
Бұл мақаланы жазуға түрткі болған себеп те сол тұжы- рымдама еді. Ертеректе Алматыда республиканың демографиялық саясаты мен отбасын нығайтудың алдағы жылдарға арналған жобасын талқылау жиыны болды.
Осы жиында атап көрсетілгендей, орташа есеппен алғанда бір отбасына үш баладан ғана келетін көрінеді. Отбасылардың басым бөлігі бір-екі баламен ғана шектеледі. Әлгі жиынға қатысушы сарапшылар мұның басты себебіне екі факторды көлденең қойды. Онын ең бастысынын бірі – ажырасу көп. Екіншісі – отбасылардың төменгі жалақысы. «Қалалық жерде пәтер жалдап тұратын, не күнкөрісі нашар ауылдарда тұратын жұптардың табысы кей кезде ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен де кем түсіп жатады» делінді жиында.
Сондай-ак, жиында сөз сөйлеген сол кездегі министр Гүлшара Әбдіхалықова былай деді:
– Атаған кемшіліктерді жоюға арналған тұжырымдаманың негізгі атқаратын міндеттері мынандай: біріншіден, әйелдердің, ер азаматтардың және жұптардың құқыктарының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Екіншіден, ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарамыз. Үшіншіден, оларға көрсетілетін көмек келемін ұлғайтып, оның ішінде мүмкіндігі шектелген топ өкілдеріне жасалатын жеңілдіктерді көбейтуді қолға алатын боламыз. Осылардың бәрін жақсарту арқылы казақ отбасының моделін құрастыруымыз қажет.
Дұрыс-ақ делік. Алайда, мұның бәрі отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтерумен ғана шектелу болса керек еді. Мәселе осымен ғана шешімін таба алар ма еді?
Меніңше, семьяда жүргізілетін саясат мемлекет саясатының негізін құрайды. Демек, әр қазақ отбасы дамуының моральдык, рухани, мәдени деңгейін де қоса ойлауымыз керек қой.
Отбасында ұлттық саясаттың кішігірім қағидасы сақтала ма? Мәселе қарын тойғанында емес, қазақ отбасының толыққанды ұлттық болмыс-бітімі де осы тұжырымдаманың бір басты тармағына айналуы тиіс емес пе.
Өз ойымызша, қазақ отбасының жаңа моделін қалыптастыру үшін мәселеге кешенді түрде қараған жөн шығар.
Сонау тұстарда еліміздегі туу көрсеткіші жоғары болғанымен, ана мен бала өлімі де көп екенін жасырын емес-ті. Әлгі жиында келтірілгендей, елімізде мың әйелге 928 еркектен келуі соның бір дәлелі болатын. Қайран Сәбетқазы Ақатай «Қазақ еркегі – қазақ отбасының Буддасы» деуші еді.
Мұндай мәселенің алдын алу шаралары көп. Мәселен, жастармен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою керек. Жастардың кабілетін анықтаумен айналысатын арнайы психологиялық орталықтар құрылуы қажет.
Егер әрбір жасты өзінің ұнатқан кәсібі, ісі бойынша анықтаса, бұл олардың өмірге деген зор құштарлығын оятуға, тұрақты азаматтық ұстанымының қалыптасуына жол ашады. Ұлттық намысын оятуға, патриотизмді қалыптастыруға бағытталған шаралар жастар арасында жиі өткізілуі керек. Сонда біз олардың түрлі діни наным-сенімдерге бой алдыруының алдын алған болар едік. Сондай-ақ, Алматыдан не болмаса Астана немесе басқа қалалардан «Жастар» ыкшамауданы ашылып, арзан бағамен, немесе жалға беріп көп қабатты тұрғын үйлер салынса, болмаса баяғы комсомол жастар үрдісімен арнайы құрылыс бригадаларын ашса, жастар отбасы тауқыметін тарту жолдарынан жеңілдікпен өткен болар еді.
Қысқасы, дініне берік, салтына адал, толыққанды қазақ тәрбиеленіп шығатын қазақ отбасының үлгісін жасауға біздің мемлекеттің мүмкіндігі мол. Ол үшін ұзак жылға жоспарланған жүйелі, кажырлы жұмыс керек және оған ұлтжанды, мемлекетшіл, елшіл азаматтар тартылуы қажет деп олайймыз.
Қали СӘРСЕНБАЙ,
жазушы