ЭКС ПРЕЗИДЕНТ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
2025 ж. 29 желтоқсан
798
1
Президенттік тақтан түскесін президент кезінде жасаған жемқорлықтары мен қылмыстары үшін сотталып, барлық марапаттарынан айрылып жатқан мемлекет басшылары аз емес.
Қырғыз Республикасы Президентінің Жарлығы
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Бішкек қаласы Бірінші май аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы үкімін орындау мақсатында, «Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қырғыз Республикасы Заңының 27-бабының 1, 2, 4-бөлімдеріне және Қырғыз Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес қаулы етеді:
1. Алмазбек Шаршенович Атамбаев Қырғыз Республикасының келесі мемлекеттік наградаларынан айырылсын:
* Қырғыз Республикасының ең жоғары ерекшелік дәрежесі — «Кыргыз Республикасынын Баатыры» (Қырғыз Республикасының Батыры);
* II дәрежелі «Манас» ордені;
* «Данакер» ордені;
* «Даңқ» медалі.
2. Келесі құжаттардың күші жойылсын (аннуляциялансын):
* Қырғыз Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі №106 «А.Ш. Атамбаевты «Даңқ» медалімен марапаттау туралы» жарлығы;
* Қырғыз Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы №518 «А.Ш. Атамбаевты «Данакер» орденімен марапаттау туралы» жарлығы;
* Қырғыз Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №311 «Республиканың мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы» жарлығының үшінші абзацы;
* Қырғыз Республикасы Президентінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №1 «А.Ш. Атамбаевқа «Кыргыз Республикасынын Баатыры» ең жоғары ерекшелік дәрежесін беру туралы» жарлығы.
3. Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Сот орындаушылары қызметі осы жарлықтың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік наградалар мен олардың құжаттарын белгіленген тәртіппен тәркілеп, кейіннен Мемлекеттік наградалар қорына тапсыру шараларын қабылдасын.
4. Осы жарлық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.
Бұл — Қырғызстан тарихындағы бұрынғы президенттің барлық жоғары марапаттарынан ресми түрде айырылуының маңызды прецеденті.
Ақпарат Өмір Шыныбекұлының фейсбук парақшасынан алынды