“Ақ жолдың” жеңісі: Жылқы етін мемсатып алу тізіміне енгізуді алғаш Қазыбек Иса көтерген
2025 ж. 24 желтоқсан
106
0
Қазір бәрін өзінен бастауды жақсы көретіндер көбейіп кетіпті.
Мысалы, депутат Аманжол Әлтай үкімет жылқы етін үкімет мектептерде пайдаланатын болды деп, хабар таратып, бұл мәселені тек өзі ғана көтергендей болып, желілерде желпініп отыр екен. Бұл маңызды мәселені белгілі депутат Қазыбек Иса осыдан екі жылдай бұрын 2024 жылы қаңтар айында парламентте депутаттық сауал жасап, маусым айында Үкімет сағатында тағы да қозғап, алғаш рет көтеріп, ел назарын аударған. Оның
"ЖЫЛҚЫҒА СУБСИДИЯ БЕРІЛІП, ЖЫЛҚЫ ЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ КЕРЕК!
НЕГЕ ШОШҚАҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ЖЫЛҚЫДАН 40 ЕСЕ КӨП?” (http://qazaquni.kz/kogam/162388-sosqaga-bolingen-qarzy-zylqydan-40-ese-kop-qazybek-isa) деген депутаттық сауалы резонансқа айналған!
Бұл қалың елдің қолдауына ие болып, зор ықыласына бөленген депутаттық сауалды еліміздің белгілі барлық БАҚ-тары, сайттары жариялап, Фейсбукте хит болды. Көпшілікпен бірге біз де, мен өзім де қолдап, пікір жазған болатынмын.
Қазыбек Иса одан кейін де, парламентте өткен Үкімет сағатында да бұл жылқы етін мемлекеттік сптып алу тізіміне қосу мәселесін тағы да көтерді.
2024 жылғы 24 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінде “Мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен экспорттауды дамыту мәселелері” тақырыбында Үкімет сағаты өткенде, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасап, депутаттар сұрағына жауап берген еді.
-“Ақ жол” фракциясы биылғы өткен қыста жағдайы өте мүшкіл болған, көп шығынға ұшыраған жылқы шаруашылығына байланысты дабыл қағып депутаттық сауал жасаған болатынбыз.
Сол кезде өткен жылдары жылқыға шошқадан 40 есе аз субсидия бөлінетініне мәселе көтергенбіз. Жылқы етін күнделікті тұтыну үшін мемлекеттік сатып алу тізіміне қосуды ұсынғанбыз.
Қазір есептеріңізге қарасақ, жылқыға субсидия бөлуде жақсы қозғалыс бар сияқты,- деп, Қазыбек Иса депутаттық сауалындағы басты мәселені тағы да қайталаған болатын.. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса көтерген “Жылқы етін күнделікті тұтыну үшін мемлекеттік сатып алу тізіміне қосу мен жылқыға субсидия бөлу” мәселесі шешілетінін мәлімдеген болатын.
Ал Аманжол Әлтайдың жақында ғана жылқы туралы сауал жасай салып, үкімет сол сауалға аяқ астынан жауап дайындап тұрғандай “бәрін мен жасадым” дегені ұят болды. Қарапайым этика үшін “бұл жылқы еті мәселесін бұрын Мәжілістегі әріптесіміз Қазыбек Иса көтерген болатын, біз де қолдап, жалғастырып жатырмыз” десе болады ғой?!.
Сондықтан, бұл Жылқы етін күнделікті тұтыну үшін мемлекеттік сатып алу тізіміне қосу мәселесі депутат Қазыбек Исаның маңызы зор ұтымды ұсынысының жемісі, “Ақ жолдың” кезекті жеңісі деп білеміз.
Мәмбет ҚҰРМАНБАЕВ,
Фейсбук парақшасынан