МҰНАЙДЫҢ ТРИЛЛИОНДАРЫ ҚАШАН ТӨЛЕНЕДІ?!. – Қазыбек Иса

МҰНАЙДЫҢ ТРИЛЛИОНДАРЫ ҚАШАН ТӨЛЕНЕДІ?!. – Қазыбек Иса

СОНДА БІЗ НИГЕРИЯҒА ЖЕТЕ АЛМАЙ, ЭКВАДОРДАН ӨТЕ АЛМАЙ ТҰРМЫЗ БА?!. 

Бүгін, 2025 жылы 17 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Жалпы отырысында Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның шетелдік корпорациялардың елімізге тигізіп жатқан экологиялық зардаптары мен тендер тәртібін бұзып, мердігерлік міндеттемесін орындамай, келтірген шығындары үшін төлеуі тиісті триллиондардың әлі төленбегені туралы ел экономикасы үшін ерекше маңызы зор күрделі мәселені көтеріп, ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалы 

-Бүгін 17 желтоқсан - дүниені дүр сілкіндірген, Кеңес Одағында тұңғыш рет қызыл империяның іргесін шайқаған 86 жылғы Қазақ жастарының Азаттық үшін алаңға шыққан күні - Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, рухтары пейіште шалқи бергей дейміз. Алда ұранымызға айналған қасиетті күнді Құранымыздай қастерлейтін кез де келеді деп сенеміз.

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің көк туы көкте мәңгі желбірей бергей!

Қазыбек Иса бүгінгі 17 желтоқсандағы депутаттық сауалын Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, бұл күннің қасиетіне мән беруден бастады. 

✅ 1.2023 жылы көктемде Қазақстан билігі шетелдік компанияларды тендер тәртібін бұзды, мердігер міндеттемесін толық орындамады деп айыптап, серіктестерінің Қашаған бойынша 13 млрд, Қарашығанақ бойынша 3,5 млрд доллар шығынды ұстап қалғанына наразылық жасап, қайтаруды талап етті. 

✅ Қазақстан 2023 жылы наурыз айында Қашаған жобасынан экологиялық талаптар бұзылды деп North Caspian Operating Company N.V. 2,3 трлн теңге - $5,1 млрд доллар (сол кездегі курс бойынша) көлемінде айыппұл талап етті. 

✅ Алайда, екі жылға созылған сот дауларының нәтижесінде мемлекет

жеңіліп, бұл айыппұлдар әлі өндірілмей отыр.

✅ 2023 жыл мен 2025 жылғы доллар курсы бойынша теңгенің құнсыздануы салдарынан айыппұл 1 млрд. долларға жуық азайды. Сонда біз істі екі жыл созып жүріп, басқаларын айтпағанда, тек 5,1 млрд доллардан тағы 1 млрд долларға жуық жоғалттық.

✅ Отыз жылдан бері сол кездегі билік пен инвесторлардың құпия келісім-шарттары кесірінен халыққа мұнай мұхитынан тамшы ғана тиіп отырғаны аздай, енді барлығы 21,6 млрд доллардан айрылып отырмыз! Бұған қашан қол жеткіземіз?

✅ Шетелдік компаниялардың елімізге келтірген шығындары үшін төленуі тиіс триллиондар қайда? 

✅ Айыппұлдардың теңгемен белгіленуі – шетелдік

компанияларға тиімді, ал мемлекет үшін зиянды!

✅ Жалпы шетелдік компаниялар заңсыз иеленіп отырған 8,6 триллион тг, экологиялық айыпақыдан ала алмай отырған 2,3 трлн тг, бәрі 11 триллион теңге - біздің елдің бір жылдық бюджет кірісінің жартысынан асып кететін алапат қаржы ғой?!. 

✅ Басқа елдердегі осыған ұқсас экологиялық даулармен салыстырсақ,  

Нигерияға – Shell (Niger Delta) компаниясынан мұнай төгінділері үшін Экологиялық залал мойындалып айыпақы төленді. 

✅ Эквадор сияқты әлсіз елдер ғана жеңіледі.

Сонда біз Нигерияға жете алмай, Эквадордан өте алмай тұрмыз ба?!.

✅ Бұған кінәлі мемлекеттік орган басшылары жауапқа тартылуы тиіс!

СОНДА БІЗ НИГЕРИЯҒА ЖЕТЕ АЛМАЙ, ЭКВАДОРДАН ӨТЕ АЛМАЙ ТҰРМЫЗ БА?!. 

-Ал енді, отыз жылдан астам Қазақтың мұнайын - қара алтынымызды қалауынша игеріп жатқан шетелдік компаниялармен есебімізді түгелдеу мәселесі қалай болып жатыр, соған келейік. 

Шетелдіктермен стратегиялық кен орындары жайлы 90-шы жылдары жасалған Өнімді бөлу Келісімдері (ӨБК) қашанда елдің емес, тек инвестордың мүддесі мен пайдасын ғана қорғайтын келісім болғандықтан, 2022 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Бұрынғы өнімді бөлу туралы келісімшарттар 30 жыл бұрын басқа жағдайда жасалғанын, қазір оларға түзету енгізу керек.”- деп мәлімдеп, үкіметке тапсырма берген болатын. Ел экономикасы үшін ерекше маңызы зор осы мәселе әлі шешілмей келеді...

Бұл Өнімді бөлудің әділетсіздігі туралы «Ақ жол» партиясы парламентте талай көтердік.  

1.2023 жылы көктемде Қазақстан билігі шетелдік компанияларды тендер тәртібін бұзды, мердігер міндеттемесін толық орындамады деп айыптап, серіктестерінің Қашаған бойынша 13 млрд, Қарашығанақ бойынша 3,5 млрд доллар шығынды ұстап қалғанына наразылық жасап, қайтаруды талап етті. (Bloomberg). 

Қазақстан NCOC (Қашаған жобасының операторлары консорциумы) мен Karachaganak Petroleum Operating BV компанияларын халықаралық арбитражға берді. 

Мемлекет айыптаған негізгі тұстар:

1.Компаниялар тендер мен өнімді бөлу туралы келісімнің шарттарын бұзды;

2.Қашаған бойынша мердігер міндеттемелерін толық орындаған жоқ;

3.Осыдан Қазақстан шығындарға ұшырады және уақтылы жобаны жүзеге асыра алмады. 

Осы инвесторлар пайдаланып кеткен 16,5 млрд доллардың жағдайы не болды? Бұл 8,6 триллион теңге! 

2.Айыптар тек тендер мен міндеттемені орындау мәселесіне ғана қатысты емес. Оған қоса Қазақстан 2023 жылы наурыз айында Қашаған жобасынан экологиялық талаптар бұзылды деп North Caspian Operating Company N.V. 2,3 трлн теңге - $5,1 млрд доллар (сол кездегі курс бойынша) көлемінде айыппұл талап етті. Айып: сірке қышқылын сақтау нормаларын бұзу - 773 мың тонна тоннаның орнына 2,5 есе көп - 1,7 млн тонна сақталған және тб. Кейіннен бұл айыппұл жалпылай талаптар бойынша $150 млрд долларға жуық өтемақы талап етуге дейін ұлғайғаны жазылды (Bloomberg). 

3.Алайда, екі жылға созылған сот дауларының нәтижесінде мемлекет жеңіліп, бұл айыппұл әлі өндірілмей отыр.

2023 жыл мен 2025 жылғы доллар курсының айырмашылығы бойынша теңгенің құнсыздануы салдарынан айыппұл шамамен 1 млрд. долларға жуық азайды. Сонда біз істі екі жыл созып жүріп, басқаларын айтпағанда, тек 5,1 млрд доллардан тағы 1 млрд долларға жуық жоғалттық.

Яғни, осы уақыт ішінде консорциум миллиардтаған қаржылық пайда көрді, ал Қазақстан бюджеті миллиардтаған шығынға батты. 

4.Отыз жылдан бері сол кездегі билік пен инвесторлардың Өнім табысын бөлудің құпия келісім-шарттары кесірінен халыққа мұнай мұхитынан тамшы ғана тиіп отырғаны аздай, енді енді барлығы 21,6 млрд доллардан айрылып, тағы да шығынға батып отырмыз! Бұл халық қаржысына қашан қол жеткіземіз? Бұған кінәлі мемлекеттік орган басшылары жауапқа тартылуы тиіс! 

5.Шетелдік компаниялардың елімізге тигізіп жатқан экологиялық зардаптары және тендер тәртібін бұзып, мердігерлік міндеттемесін орындамай, келтірген шығындары үшін шетелдік компаниялар төлеуі тиісті триллиондар қайда? Неге осы уақытқа дейін төленбей келеді? Бұған кімдер кінәлі? 

6.Бұл жағдай ұлттық мүдделерге тікелей зиян келтірумен қатар,

мемлекеттік органдардың дәрменсіздігін және сот жүйесінің әділетсіздігін айқын көрсетіп отыр. «Ақ жол» партиясы мұндай сорақы жағдайға мүлдем төзуге болмайды деп санайды. 

Біріншіден, ірі айыппұлдардың теңгемен белгіленуі – шетелдік

компанияларға тиімді, ал мемлекет үшін зиянды тәжірибе. Компаниялардың табысы долларда есептеледі, ал айыппұл теңгемен салынғандықтан, девальвациядан ұтатын – консорциумдар, ұтылатын – Қазақстан. 

Екіншіден, шетелдік корпорациялар ішкі нарыққа мұнай жеткізбейді, әлеуметтік

жауапкершілікті мойнына алмайды, бірақ ұлттық байлығымыздан шектен тыс пайда табуда. 

Үшіншіден, соттар мен мемлекеттік органдардың созбалаң әрекеттері

шетелдік корпорациялардың мүддесіне жұмысі степ, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатты нұқсан, миллиардтаған орасан шығын келтіруде. 

1.Экология – мемлекеттің егемен құқығы (police powers doctrine);

2.Экологиялық залал – үздіксіз сипаттағы құқық бұзушылық;

3.Күкірт сақтау көлемі объективті түрде шектен асқан;

4.PSA инвестор компанияларды экология заңдарын орындаудан босатпайды.

Міне, мемлекеттің осындай күшті аргументтері бола тұра, жеңілу, бұл - құқықтық әлсіздік, үкіметтің жауапсыздығы пен сауатсыздығы! 

Жалпы шетелдік компаниялар заңсыз иеленіп отырған 8,6 триллион тг, айыпақыдан ала алмай отырған 2,3 трлн тг, бәрі 11 триллион теңге - біздің елдің бір жылдық бюджет кірісінің жартысынан асып кететін алапат қаржы ғой?!. 

Басқа елдердегі осыған ұқсас экологиялық даулармен салыстырсақ,  

1.Нигерия – Shell (Niger Delta) компаниясынан мұнай төгінділері үшін миллиардтаған доллар талап етті. Нәтижесінде, талап сомасы қысқартылғанмен, Экологиялық залал мойындалды, айыпақы төленді. 

2.Халықаралық арбитраждардан Эквадор сияқты әлсіз елдер ғана жеңіледі. Эквадор – Chevron компаниясына $9,5 млрд экологиялық айыппұл салды; халықаралық арбитраж Эквадорды шешімді орындамауға міндеттеді. Яғни, процедура әділетсіз болса, мемлекет жеңіледі. 

Сонда біз Нигерияға жете алмай,Эквадордан өте алмай тұрмыз ба?!. 

Үкіметтің осы заң бұзған шетелдік инвесторларды жауапкершілікке тарту жөніңдегі әрекеттерін “Ақ жол” фракциясы қолдайды. 

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы халық қаржысын халыққа қайтаруды талап етеді: 

1.Ірі жер қойнауын пайдаланушы-экспорттаушылардың айыппұлдары олардың табыс табатын валютасында есептелуі заңмен міндеттелсін. 

2. Шетелдік корпорациялар соттық және бюрократиялық созбалаң

арқылы девальвациядан пайда көретін тәжірибеге нүкте қойылсын. 

3.Мемлекетті осындай орасан шығынға батыруға жол берген лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылсын.

Ұлттық мүддені қорғау үшін Үкіметтен шұғыл және нақты шаралар қабылдауды талап етеміз. 

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясы депутаттары: 

Қазыбек Иса,

Азат Перуашев,

Дания Еспаева,

Ерлан Барлыбаев,

Серік Ерубаев,

Олжас Нұралдынов