АСТАНАҒА БАРЫП ТЕК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ҚАЙТТЫ

АСТАНАҒА БАРЫП ТЕК ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ҚАЙТТЫ

Кеше Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров Астана қаласында дәстүрлі брифинг берді. Жалпы жиын екі жарым сағаттан астам уақытқа созылды. 20 минут баяндама, қалған уақыт сұрақ-жауапқа кетті. Бізде журналиспіз, бізді де Түркістанның мәселелері ойландырады, сондықтан брифингті бастан аяқ көрдік. 

Сауалдар мемлекеттік тілде де, ұлтаралық қатынас тілінде де қойылып жатты. Бірақ жауап негізінен мемлекеттік тілде берілді. Бірді-екілі жерде ғана орыс тілін меңгергенмін дегендей ишара жасалғаны болмаса. Ұлтаралық тілде сұрақ қойған әріптестің бірде- бірі жауабыңызды түсінбей қалдық деген жоқ. Тыңдады. Ендігі берілген жауапты ақпарат беру үшін қазақшадан орысшаға аударып жатқан шығар.

Әр журналисті қызықтыратын тақырып болады, тіл менің үздіксіз оралатын тақырыбым . Шынымды айтайын, Астананың төрінде мемлекеттік тілде өткен есепті ары қарай сұрақ қойылған тілде жауап берілмес пе екен деген қызығушылықпен соңына дейін тыңдадым.

Түркістан облысының әкімінің мамандығы экономист, заңгер. Сауатты екенін көрсетті. Қызыл сөз жоқ, құрғақ уәде де.

Ал, журналистердің сауалына келер болсақ, 100 миллиондық бейнеролик туралы 4 журналист, Келес пен Қазығұрттағы әлеуметтік желіні шулатқан мектептер туралы 3 журналист, Алғабастағы қайғылы оқиға туралы 4 журналист бір- бірінің сауалын қайталады. Интернеттің сапасы туралы да 2 сауал қайталанды. Төбелесі әлеуметтік желіге шығып кеткен басқарма басшысына қатысты сауалдар да қайталанды. Бәріне жауап берілді. Қайран уақыт деп біз отырдық. 

Жалпы назарға алып жүретін бастамалар бар екен. Облысқа келетін импорттың үлесі азаяды. Бұл бағытта жұмыстар басталыпты. Ауыл тұрғындарын тұрақтандыру бойынша жоспарланып отырған жұмыстар да көңілге қонды. 

Туризм бағытында көрші өзбек елімен бірлескен жобалар жемісін берер болса, Түркістан туризмі дамуға бағыт алады.

Біздің міндет енді осы жұмыстардың барысын көзбен көріп, көпке жеткізу.

Өзімізге осыны түртіп алдық.

Бейсенкүл Нарымбетова,

Фейсбук парақшасынан 

https://www.youtube.com/live/HFity0E6kvA?si=K0klZ0IOBykWNWML&fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAc3J0YwZhcHBfaWQMMzUwNjg1NTMxNzI4AAEenGK_lPlzvrjcSpm7MQCCGSdqKxKizQiuZkFihUb-ILZSUMGmuCvpPxgKTAs_aem_DFP1g4MhEU6hcSkvGjictg