"ҚАЗАҚША ОСЫЛАЙ ҮЙРЕНУ КЕРЕК!" - Бектенов қазақша баяндама жасаған Коняшкинді қолдады
2025 ж. 09 желтоқсан
161
0
Үкімет отырысында қазақ тілінде баяндама жасаған Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкинді Премьер-министр Олжас Бектенов мақтады.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің баяндамасына риза болған Бектенов "Қазақша жақсы баяндадыңыз. Дұрыс. Осылай үйрену керек!" деді.