Топастар ғылымды да жоққа шығаруда - ақымақтарға заң жоқ па?!. - Қазыбек Иса
2025 ж. 19 қазан
135
1

Қазақ тіліне - Мемлекеттік тілге - Ана тіліне миы жетпегесін, “Қазақ тілділер көбейіп барады” деп, қуанудың орнына қарсы болатын сауатсыз Алжас Байдильдинов сияқтылар бар да, Қазаққа жаудың керегі жоқ… Тілді сату- Елді сату!
Ал ана тілі түгілі, кез келген тілді 3 жылда топастар да үйреніп алуға болатыны ғылымда дәлелденген. Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 3 жыл емес, 35 жыл болса да, біздің Үкіметте, президент әкімшілігінде, министрліктерде, әкімдіктерде, тіпті парламентте де толып жүрген топастар ғылымды да жоққа шығаруда!
Ақымақтарға заң жоқ па?!.
Егер Тәуелсіздік кезеңінде өскен Алжастар қазақ тілін білмесе, сонда ол қандай Тәуелсіздік?!.
Әлемді әнмен әлдилеп, дүние жүзіне қазақша ән шырқатып жүрген феноменіміз Димаш Құдайбергеннің өзі қанша сабырлы болса да, қазақ тіліне қарсы шығып, өз ұлтынан шошыған Алжасты сойып салды!..
“Отан деген ана тілің, басқа ештеңе емес!”-дейді Эмиль Мишель Чоран.
Ана тілің жоқ болса - Отаның жоқ!
Тіл жоқ жерде - Ұлт жоқ!
Тілің жоқ болса, тірі емессің - өмір жоқ!
Қазыбек ИСА, ақын, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық - “Алтын Күз” орденінің иегері