АУЫТ ТАҒЫ АУТ КЕТТІ…
2025 ж. 15 қазан
197
0

Күнде бір белгілі тұлғаға тиісуді өзіне ұпай жинау деп ойлайтын Ауыт деген бар ғой. Иә, кәдімгі Ауыт ака!
Кеше фейсбук қарап отырсам, анда-санда шайтан түрткен кезде шатасып, қазақтың көрнекті ақыны, Парламенттегі ұлтшыл депутат, қайсар қайраткер Қазыбек Исаға қарай бір шәуілдеп қойып, бір таяқ жеп алмаса, тамақ жей алмайтын Ауыт Мұқибек тағы да ауыт кетіп, аузына келгенін айтып оттап отыр екен желіде желігіп.
Депутат Қазыбек Исаның парламентте “Елбасыны” барлық заңнан алып тастау керек!” деп, талап етіп, заңдағы шикілікті көрсеткені үшін балағына жармасып шәуілдеп жатыр. Көп үрген кәнденді қақ басынан бір теуіп, қаңқ еткізіп, қыңсылатып тастамаса, болмайды ғой негізі. Біздің Ауыт та көзі қарайып, көпке тиісіп, елді арандатып бітті… Енді “Өлетін кәнден қасқырмен ойнайды” дегендей, Қазыбек Исаға үріпті тағы…
Артына қарап алмай байғұс, өзінен басқа ешкім оқымайтын постымен өзі Елбасыны қорғаймын деп масқара болып отырғанымен шаруасы жоқ? “Нұротанның” қабылдау бөлімінің кеңесшісі ме, күзетшісі ме, бірдеңе боп нәпақа тапқан бұның өмір бойы Назарбаевтың адвокаты болып, асыра мақтап, арнау жыр жазып келе жатқанына таң қалудың қажеті де жоқ.
Оның “85 жастағы шалмен алысқанша” деп, депутатты негізсіз кінәлағанына жауап ретінде Қазыбек Исаның бұрын да, Елбасының қылышынан қан тамып тұрғанда да күрескенін көрсету үшін былшық басқан көзің көрсін, былшиған бетің ұялсын егер, ұят болса, деп, 2007 жылғы Назарбаевты қатты сынап, сайлауының әділетсіз екенін әшкерелеген “Қазақ үнң” газеті көшірмесін салып, “соқырға таяқ ұстатса” да, түсіну үшін Ауытта торғайдың миындай ми да болмай тұр ғой өкінішке орай?
Депутат Қазыбек Исаның 2021 жылы “Көрнекі ақпарат туралы” заң қабылдарда Мемлекеттік тілдің бақылауын арттыру туралы ұсынысына қарсы болған, жалпы депутаттардың заң бойынша ұсыныстарына қарсы шығып, қорытынды жаза алатын құзырет тек үкімет басшысы, премьер-министрде (Маминде) ғана болатынын бұл сауатсызға Қазекең бұрын да бірінші кластың баласына қатаң мұғалімнің ұрсып отырып түсіндергеніндей түсіндірген еді. Сауатсыз ба десең, жауапсыз да ғой пақырың… Ол кезде Қазекең, премьерге қосып, экономика министрі Әсет Ерғалиевті де, “Атамекен” төрағасы Тимур Құлыбаевты да сойып салып, әшкерелеген еді. Сол кезде Тимур Құлыбаевқа ауыз аша алмаған Ауытың енді Қаңтар қасіретінен кейін бар құзыретінен айрылған, “Атамекен” ұлттық палатасы төрағалығынан түсіп қалған Тимур Құлыбаевты сынағыш боп, “Жау кеткен соң” батыр атанғысы келіп, таңнан кешке дейін соны жазып отыр. Өзгелерге “сендер неге мен сияқты жазбайсыңдар?”-дегендей қыр көрсетіп қойып, шала білгенін шалықтап соғып отыр. “Құлыбаев жаққа жоламай кеттіңдер” деп қояды тағы өзі… Бұл байғұс Құлыбаевтың “Атамекеннен” кетіп қалғанын да білмейді-ау…))) “Қорыққанға қос көрінеді” деп әлі Құлыбаев деп құлқын сәріден сарнайды келіп күніге.
Елдің бұның өзін мазақ қылып, күліп жатқанын ойлайтын сана жоқ қой, қайтсін.
“Құлыбаевқа жоламай кеттің” деп сарнағыш Ауытың Қазыбек Исаның Тимур Құлыбаев пен Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева иелік ететін Қазақстан-Британ университетіне жекешелендіріп алған, Тәуелсіздікті жариялаған киелі ғимарат - ҚР Жоғарғы Кеңесі - Үкімет үйін парламентте мемлекетке қайтаруды ең бірінші көтеріп, жақында Құлыбаевтардан ол Үкімет үйі мемлекетке қайтарылғанынан да хабарсыз ғой?. Бұны қарапайым электрик біз білгенде “Нұротан” партиясы есігінде талай жыл жүрсе де, саяси сауатсыз сарнауық Ауыт білмейді екен…
Бұл ауыт кеткіш Ауыттың портретін дарынды ақын, "Қазақ үні" агенттігі бас редакторы Азамат Тасқараұлы осыдан бірер жыл бұрын айнытпай жасап, сұрапыл мақала жазған болатын.
"АУТ СӨЙЛЕГІШ АУЫТ қандастарды қолдап жүр ме, ҚОРЛАП жүр ме?" деген мақаласы Ауытты нокаут қылған. Бүкіл қандастар қауымы Азаматқа “Азамат екенсің!” деп, риза болып, алғыс айтып жатты. Ауыттың мақаладағы масқараларынан басқа да былықтарын ашып жазып жатты желіде жерлестері…
Ауыт сол сойып салған сойқан мақаланы көтере алмай, содан бері есін жия алмай жүр… Содан бері біртүрлі болып қалған, есіне түскен сайын шырт ұйқыда жатса, шошып оянады, ас ішіп отырса, шайына шашалады.
Қайтсін енді.. Бұрынғыдай бұның пірі, Қытайдың алаяқ агенті Серікжан Бияши халықтан алдап жылу жинап алған миллиондарынан бұған тиын лақтырып тұрмайды қазір. Өйткені, Серікжан алаяқтың өзі Қытайда тыңшылық оқуды бірге оқыған, бірге тыңшы болған досы, қазір Америкада тұратын Фу Ши Чу үйінің босағасында тығылып жатыр. Оның өзіне көмек керек. Қазір Серікжанның қазақты ыдырату үшін, белгілі ұлтшыл тұлғаларын қаралау үшін арнайы тапсырмамен келген алаяқ тыңшылығы әшкереленгесін, бұрынғыдай тапқанын соның былапыт аузына салатын аңқау қазақ аз..
Қазыбек Исаға және сол секілді қазақтың белгілі тұлғаларына тиіссем, ұпай жинаймын деп, ұятқа қалып жүргенімен шаруасы жоқ Ауытты көрген сайын атақты Крыловтың мысалындағы пілге үрген кәнденді көргендей боласың…
Қайтсін,байғұс, ел мені ұмытып кетті деп жанталасатын шығар…
Бірақ өзі де бәле-ай, ұмыттырмай-ақ келеді. Өзінің үйінде жүрген туған балдызының туған қызына қырындап, орденін көрсетіп: “Құрмет” ордені бәріне жарайды ғой, неге саған әсер етпей қойды”-деп, масқара болған хикаясын ел енді ұмытып бара жатқанда, бұл бірнәрселерді былжырап жазған әр шатпағының астына қол қойғанда өзінің “Ауыт” аты мен атасының атынан бұрын “Құрмет” ордені иегері” деп жазып қойып, еске түсіреді де отырады.
Жарайсыз, Ауыт ака! Жаза беріңіз бәрін де! Бәрібір ешкімнің есінен шықпайтындай оқиға ғой ол!
Аман болыңыз!
Бақытбек Қалмақбай,
Фейсбук парақшасынан