ӘКІМ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

ӘКІМ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Бұл ауыл ақынды көрген. Қадыр Мырза Әлиден бастап, талайы келген. Өздерінен де ақын көп шыққан. Бір Рүстем Қайыртайұлы неге тұрады! Мерей Қарт ақын да осы ауылдан.

Қадырдың өзі:

Шеттерінен бәрі ақын, әдеп сақтап әрең жүр,

Құшақ толы гүлдер де, көмей толы өлең-жыр,- деп өлең арнап кеткен жер ғой.

Ақындардан кейін Сәния Тойкен, Манас Қайыртайұлы, Жанжігіт Омархан, Еркебұлан Нұрекеш сияқты журналистер осында туып, осында оқыған. 

Тек бұл - Қазақстан бойынша интернет жетпеген ауылдың бірі. Жол салынбаған ауыл - да осы. Асфальт төселмеген көтерме жолдың өзінен бұрылған соң елу шақырымдай қара жолмен шаңдатып жүргенде ғана Өкпеті тауының етегіндегі бұл ауылға жетуге болады.

Бірақ бұл ауылда ешбір үй қараң қалмайды. Бұзылса, орнына жаңа үй салу үшін қиратылады. Мыңғырған малдың өрісі осында. Талантты ұл мен қыздың бесігі осында.

Қаншама ақын шыққан шағын ауыл тәуелсіздіктің 34 жылында бірінші рет облыс әкімін көріпті.

Бұған дейін шаңдатып жүргісі келмейтін ондаған әкімнің атын ғана еститін Үштөбе жақында алғаш тірі әкімнің түрін көрді. 

Енді жол да түсер, интернет те жетер. Бастысы осындай ауыл бар деп, ат басын бұрған әкім шықты ғой.

Қайнар Олжай,

Фейсбук парақшасынан