Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын, Торғай өңіріне көңіл аудару керек - Қ.Тоқаев
2025 ж. 16 қыркүйек
43
0

Биылғы егін жинау науқанына байланысты Ақмола облысына барған сапарында ресми жиында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Арқалық аймағына баратынын мәлімдеді:
«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар.
Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым.
Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кезең келді.
Торғай өңіріне көңіл аудару керек» - деді мемлекет басшысы.
Өте дұрыс! Ел күткен сөз! ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының, тұңғыш қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің елі Арқалық аймағына баруы, Торғай өңіріне көңіл аударуы 34 жыл бойы мемлекет басшысы барып көрмеген өңірге, екі рет ашылып, жабылған облысқа, көптен күтіп жүрген халыққа рухани серпін беріп, экономикалық-әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Ақ жол!
Қазыбек ИСА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты