МИНИСТР ОРЫСШАҒА ҚАЗАҚША ЖАУАП БЕРІП, МЕМЛЕКЕТШІЛДІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ!
2025 ж. 03 қыркүйек
334
0

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Ресей тілінде сұрақ қойған депутат Болат Нәжимедденовке Қазақ Елінің мемлекеттік тілінде жауап берді! “Бірақ бұны ұғатын бала бар ма?”дегендей болды бәрі… Министр көрсеткен Мемлекетшілдіктің күшті үлгісін түсінуге депутаттың санасы жетпеген болар, орысша сұрақ қойғаны аз болғандай, кейін тұтас депутаттық сауалын да түгел Ресей тілінде жасады!
Әйтеуір ең соңғы сөйлемін де орысша бастап, “С уважением “Аманат” партиясының мүшесі Болат Нажимедденов” деп, бүкіл депутаттық сауалдағы ең соңғы жалғыз сөйлемнің өзінің тек жартысын ғана қазақша айтуға шамасы келді! Ең қызығы, Нәжимидденовтың орысша сұрағынан кейін, депутат Смолякова Екатерина мемлекеттік тілде сұрақ қойды.
Ал осы жалпы отырыста төрт рет баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитеті төрайымы Татьяна Михайлқызы Савельева барлық баяндамаларының жартысын қазақша жасауы жақсы әсер қалдырды!
Заң шығаратын парламентте заң сақталмаса, енді қайда баруымыз керек?! Мемлекеттік тіл статусы бар қазақ тілінің мемлекеттік органдардың өзінде қағажу көруін доғару қажет!
Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ,
Қазақ үні
Министр мен депутаттардың фото-скриндері Мәжіліс жалпы отырысының ютубтағы тікелей көрсетілімінен алынды.