Тарихи суреттер де қайталанады…

Тарихи суреттер де қайталанады…

1-сурет. 1974 жылы Сарыағаш шипажайында қазақтың аты аңызға айналған біртуар батыры Бауыржан Момышұлы әйгілі актер Кененбай Қожабеков отырған қоларбаны демеп келеді.

2-сурет. 2025 жылы 8 тамызда Семей қаласындағы Абай тойында Абай облысының әкімі Берік Уәли көрнекті ақын, айтыстың қайта өрлеуінің қайраткері Жүрсін Ерман ағасы отырған қоларбаны демеп келеді.

Батыр мен әкім.

Біз бүгін даңқты батырдың кішіпейілдігін әйгілі әкімнің де экспромтты түрде қайталағанына куә болдық.

Тарихи сурет 51 жыл өткенде қайталанды.

Ақын ағасының арбасын сүйреп келе жатқан әкім інісін көргенде жүрек шым ете қалды… Бауыржан Момышұлының актер Кененбай Қожабековтың қоларбасын итеріп келе жатқан әйгілі суреті көзіме елестеп кетті…

Қарапайым кішіпейілділік қашан да әдемі көрінеді.

Ұлық болсаң, кішік бол деген осы! Әкімі ақынын құрметтеген ел озады.

Қазыбек ИСА,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты