"Робототехника арқылы тәрбиелеу"

"Робототехника арқылы тәрбиелеу"

          Заманауи технологияларымен қамтылған білім ошақтары «Келешек мектептері» деп аталады. Барлық мектеп заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтармен, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мектептерде STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері қарастырылған. Робототехника кабинеті ақпан айынан жұмыс жасап, үйірмеге 70-ке жуық оқушылар қамтылып, 7-11 жас аралығындағы тәрбиеленушілер базалық білім алды. 

         Робототехника үйірмесінің мақсаты-балаларға тек техника үйрету емес, оларды ізденімпаз, саналы, заманауи тұлға ретінде қалыптастыру. Болашақ инженер, ғалым, өнертапқыш – дәл осы партадан басталады.»

         «Робототехника бұл – болашақ ұрпақтың ойлау қабілетін дамытатын құрал. Балалар ойлауды, жобалауды, шыдамдылықты, ұжымда жұмыс істеуді үйренеді.»

        «Әрбір құрастырылған робот – баланың өз қолымен жасаған жетістігі. Бұл өзіне деген сенімділік, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.»

         Робототехника – балалар мен жастардың тәрбиесі мен дамуына ықпал ететін заманауи құрал. Бұл сала арқылы балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға болады. Қазақстанда робототехниканы білім беру жүйесіне енгізу бойынша бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда.

         Үйірме тәрбиеленушілері түрлі деңгейде робототехника бойынша қалалық, облыстық, жарыстарда көзге түсіп жүлделі орындарды алып жүр. Әр бала өз қиялындағы еркін тақырыпта роботын арнайы бағдарламада жобалап, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Өзінің арнайы бағыттайтын датчиктері бар. Мәселен, бірі түсті ажыратады, екіншісі кедергіні ажыратады. Тек құрастырып қана қоймай, компьютермен бағдарлама жазады. Жарыс болса жарыстың ережесіне сәйкес қылып жазады. Бұл процесс баланың шыдамдылық төзімділігімен қатар зейініңде арттырады.

Оқушыларым бірнеше байқауларда жеңіске жетті. «STEM-FEST» облыстық фестивалінің «Роботты жинаңыз.» LEVEL 1» 7-8 жас санатында Ибраш Әлібек 1 орынды жеңіп алды.

        Сөзімді қорытындылай келе, робототехника – балалар мен жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді құрал. Ол арқылы балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дағдылары дамып, болашақта сұранысқа ие мамандықтарға бейімделеді. Қазақстанда робототехниканы білім беру жүйесіне енгізу бойынша көптеген бастамалар жүзеге асырылуда, бұл еліміздің ғылыми-техникалық прогресін қамтамасыз етуге бағытталған.