ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ НЕГІЗІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛАНУЫ ТИІС! - Қазыбек Иса
2025 ж. 26 мамыр
899
1

ҚР Парламенті Мәжілісінің Жалпы отырысында “Жасанды интеллект туралы” заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Исаның жасанды интеллектінің дамуындағы мемлекеттік тілдің рөлі туралы сөзінің толық нұсқасын жариялап отырмыз.
✅ Жасанды интеллекті өзінің базасында, қорында не бар, соны жазады. Яғни, банктің сөздік қорында “ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ МІНДЕТТІ ЕМЕС!” деген сөз бар, тіпті, жеткілікті де, “ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ - МІНДЕТТІ!” деген сөз жоқ, өмірі болмаған!
✅ Мемлекеттік тілді талап ету - банктер түгілі мемлекеттік мекемелердің де көбінде жоқ!
✅Бұндай саяси қателік, Мемлекеттік тілдің рөлін жоққа шығару - тек Фортебанкте ғана емес, қаржылық мекемелерде ғана емес, құқық қорғау органдарында да, министрлік пен әкімдіктерде, мемлекеттік органдарда да мемлекеттік тілдің заңсыздыққа ұшырап келе жатқанын жақсы білеміз.
✅ Тіл үшін күрес - тілсіз роботқа кінәні аудара салуымен бітпейді.
✅ Жасанды интелектінің негізгі сөздік қоры - Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі болуы тиіс!
-Менің сұрағым, Цифрлық даму министрлігі өкіліне бағытталады.
Жаһанды жаулап келе жатқан Жасанды интеллектінің негізі мемлекеттік тілде қалануы қажет! Өйткені, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Қазақ тілі ғылым мен инновацияның тіліне айналуы тиіс” деп тапсырма берді. Мемлекеттік тілді ғылымда дамытуда жасанды интеллектіні пайдалану, яғни жасанды интеллектіде мемлекеттік тіл басым болуы керектігін атап айтты.
Қазақстан цифрландыру бойынша әлемде алдыңғы ондыққа кіреді.
Жасанды интеллектіде мем тілде қалануы керек деп жатқанымыздың маңызы зор.
ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде 2024 жылы өткен “Мемлекеттік тілдің цифрландыру мен ғылым тілі ретіндегі рөлін арттыру” атты кеңейтілген тақырыптық отырыста мемлекеттік тілдің рөлі кеңінен талқыланды.
Біз әдеттегідей жайбарақат жүргенде, былтыр Жасанды интеллект күнделікті өмірімізге есікті қақпай-ақ, жұлқып ашып кіріп келгеніне көзімізді жеткізген бір оқиға болды.
Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру үшін жасанды интеллектінің маңызы өте зор екенін қазақ тіліне байланысты Фортебанктен шыққан шу дәлелдеп берді.
Еліміздегі Фортебанктың жұмысқа қабылдау үшін жариялаған хабарламасындағы “ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ МІНДЕТТІ ЕМЕС!” деген қорлық сөзден шыққан дау банктың кінәні тілсіз роботқа - жасанды интеллектіге аударып, қалың елден кешірім сұрауымен бітті.
Бірақ, Тіл үшін күрес - тілсіз роботқа кінәні аудара салуымен бітпейді.
Жасанды интеллекті өзінің базасында, қорында не бар, соны жазады. Яғни, банктің сөздік қорында “ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ МІНДЕТТІ ЕМЕС!” деген сөз бар, тіпті, жеткілікті де, “ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ - МІНДЕТТІ!” деген сөз жоқ, өмірі болмаған! Мемлекеттік тілді талап ету - банктер түгілі мемлекеттік мекемелердің де көбінде жоқ!
Бұндай саяси қателік, Мемлекеттік тілдің рөлін жоққа шығару - тек Фортебанкте ғана емес, қаржылық мекемелерде ғана емес, құқық қорғау органдарында да, министрлік пен әкімдіктерде, мемлекеттік органдарда да мемлекеттік тілдің заңсыздыққа ұшырап келе жатқанын жақсы білеміз.
Тағы да қайталап айтамыз, өмірімізге енді алапат қарқынмен ене бастаған Жасанды интелектінің негізгі сөздік қоры-Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі болуы тиіс!
Жасанды интеллекті жаңадан өмірге еніп жатқандықтан, қазір қазақ тілінің жасанды интеллектінің тіліне айналу мүмкіндігі өзге тілдермен бірдей деуге болады. Яғни, старт барлық тілге бірдей берілді. Ендеше мемлекеттің әкімшілік һәм қаржылық барлық ресурсын мемлекеттік тілге салып, цифрландыру мен жасанды интеллектінің негізгі тіліне айналдыруымыз керек.
Бізде цифрлық бағдарламалардың бәрі қазақ тілінде болуы тиіс.
Өйткені, ел қай тілде деректер қорынан іздегенін тез таба алса, сол тілді қолдануға мәжбүр. Қазіргі жаһанды жаулап келе жатқан жасанды интеллектінің негізі, негізгі қоры қазақ тілі болуы керек. Тағы да қайталап айтамыз, Жасанды интеллект енді еніп келеді өмірге. Сондықтан оның қазақ тіліне негізделуіне жағдай жасау керек үкімет.
Біз, белгілі IT маманы Жанат Аймахан екеуміз бұл мәселе туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен де кездескенбіз.
“Жасанды интеллект туралы” заң жобасын мемлекеттік тілде жасаған депутат Екатерина Василийқызы Смышляева ханымға көп рахмет. Бірақ, заң жобасынан мемлекеттік тілдің рөлін байқай алмай отырмыз.
Біз мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мақсатында заң жобасына өз ұсынысымызды ұсынамыз.
Осы тұрғыда, мемлекет басшысы тапсырған мемлекеттік тілдің рөлін ғылымда, жасанды интеллектіде арттыру бағытында Цифрлық даму министрлігі не істеп жатыр?
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушиннің жауабы:
– Біз мемлекеттік тілді ары қарай дамыту үшін, сақтау үшін, арнайы тілдік модельді дамытуға күш салдық. Былтырғы жылдың аяғында оны жұмысқа енгіздік. Қазіргі таңда KazLLM eGov саласында және жасанды интеллект көмекшілерін әзірлеу үшін пайдаланылуда. Қосымша тағы да альтернативтік версияны әзірлеп отырмыз. Бұл көп деректерді көздейді. Тек ғана біздің мемлекеттік қызметкерлерге чат-GPT пайдалануға тыйым салынады. Олар тек ғана біздің KazLLM жүйесінің қосымша мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Сондай норманы шығардық.