Ресей ғалымы туған еліне кеп ауызашар берді
2025 ж. 28 наурыз
2056
0

Көршілес Ресей ғылымына үлкен еңбек сіңіріп, әлемдік мықты ғалымдардың қатарына есімі енген Сұлухан Темірбекова Алматы қаласында Ораза айында ауызашар берді. Ауызашарға өзі туып өскен Алматы облысы Райымбек ауданына және қазақ егін шаруашылығының институтының ғалымдары мен зиялы қауымның өкілдері қатысты. «Бұл игілікті шарадағы мақсаты, өзім туып өскен отандастарыма арнадым. Мектеп бітіріп, Мәскеудегі ауыл шаруашылық академия түскен соң, өмірімді ғылым жолына арнадым. Ғыламдағы ізденісім мен еңбегімнің арқасында алға қойған мақсатыма қол жеткіздім. Сыртта жүрсемде туып өскен жерімді естен шығарған емеспін. Жақында Мәскеудегі мешітке барып, ата-бабам мен әке-шешеме, бауырларыма және туыстарыма ас берсем дегенімде, ойымды түсінген имам «Рамазан айының Оразасында ауызашыр бергеніңіз үлкен сауап» деді. Осыдан кейін бірден ұшып келіп, атам мен әжем жатқан Қарасазға және әке- шешем мен туыстарым жатқан Нарынқол мен Алматы маңында жерленген бауырларымның басына барып, топырақ алып құран оқыттым. Өмірден озған жандарға және Рамазан айында ораза ұстағандарға ауызашар мен құдайы тамақ беруді жөн көрдім. Міне соның сәті түсті» деп, өмірден өткендердің есімдерін атап, құран бағыштады. Ауызшара дастарқанда сөз алғандар ғалымға ризашылықтарын білдіріп, Сұлухан Темірбекованың Ресейдің ұлттық аграрлық саласындағы көп жылдан бері ғылым саласында еңбек етіп жүрсе, табысты жетіктерге қол жеткізгендігі туралы әңгіме айтылды. Ресейдің ең танымал ғылыми- зерттеу институтын басқарғанын, және егін шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарындағы жаңашылдығын да атап өтті. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының директоры Шолпан Бастаубаева Қазақстан мен Ресей ғалымдары егін шаруашылығынан тығыз байланыстары барына тоқталса, Клара Мәмбетқызы Сұлухан мектепті үздік бітірген оқушысы екенін тілге тиек етіп, өзі оқытқан оқушысының ғылымдағы танымалдығына ризашылығын білдірді. Көп жылдары ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек еткен, ел ағасы «Алматы облысының Құрметті азаматы» Бүкей Исабеков: «Сұлухан Райымбек ауданынан шыққан қыздар арасындағы тұңғыш ғалымның бірі болса, ол тек Ресейдің ғана мақтанышы емес, біздің еліміздің де мақтанышы. Оның ғылымдағы еңбегін біз біле бермейміз. Ресейдей үлкен ел оны құрметтесе, бізде құрметтеуміз керек» деді. Белгілі ардагер журналист, «Алматы облысының Құрметі азаматы» Қанат Тәкебаев және басқа зиялы қауымның және ғалымның жақындары да көптің тілегіне қосылып, жылы пікірлерін білдірді. Ғалым өзі туралы ғылымда жетістікке жету оңай еместігін және оның нәтижесін жылдар бойы күтіп, нәтижесін күткентін айта келіп, «мына кеудемдегі медальдарым соның дәлелі десе, Ресей президенті Путиннің қолынан медель алу құрметіне ие болдым, сондай-ақ ғылымдағы жетістігім үшін Мәскеу губернаторы да медаль тақты. Ресей ауыл шаруашылық саласында ең үзіктерге берілетін Тимирязев атындағы алтын медальға ие болуымда еңбегімнің жемісі. Ал бұдан басқа өмірге әкелген жаңа сорттарым үшін жеті –сегіз алтын және күміс медальдармен марапаталғанмын. Мұның сыртында шетелдердің дипломдарын иелендім. Соңғы жылдары астықтың жаңа сорты «Қаныш» және ағылшын тілімен «Болат» атты бидайдың жаңа сортын шығардық. Жаңа сортыма бауырым «Қаныш» деп ат берген болсам, «Болат» атты тағы бір сортқа ағамның атын қойдым. Бірақ «Болат» деген бидайдың аты бізде бар болған соң, оны ағылшынша «бил Болат» деп қойдым. Қазіргі кезде бұл екі сорт үлкен сұранысқа ие деді. Салтанатты ауызашар дастарқанында Сұлухан Темірбекова өзінің шығарған селекциялық жаңа тұқымын мен бір ғылыми кітабын Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми- шерттеу институтының директоры Шолпан Бастаубаева табыстады. Басқосуда Сұлухан Темірбековаға жақсы тілектер мен жұмысына табыс тілеген аз болмады.
Біз Сұлухан Құдайбердіқызының еңбек жолына назар аударған едік. Ғалым биология ғылымдарының докторы, профессор атағына ие болған, егін шаруашылығын мен өсімдік тану саласында Ресей ғана емес шетел ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыста жұмыстар жасапты. Германия, Швейцария, Нидерлания және Қазақстанның ғалымдармен агрономия саласында жұмыстар істеген. 331 ғылыми еңбектің авторы атанса, 5 монографиялық кітап жазыпты. 3 кандидат дайынса, 3 докторлық диссертацияға жетекшілің еткен. Олардың ішінде қазақстандық ғалымда бар. Бұл күнде Сұлухан Темірбекова Бүкілрессейлік Фитопатология ғылыми- зерттеу институтының зертхана меңгерушісі болып жемісті еңбек етсе, шәкірттер тәрбиелеуді ұмытпаған. Ресейдің аграрлық саласында көрнекті ғалымның бірі.
Жексен Сағымбекұлы,
Қазақ үні