Алаш Арыстарының мұрасы - Тәуелсіздікті қолдайтын құнды рухани азық

Алаш Арыстарының мұрасы - Тәуелсіздікті қолдайтын құнды рухани азық

Қазыбек Исаның Әлиханша сөйлеген сөзі!

Осы Наурыз күндері Әлихан Бөкейхан айтқан: “Қазақтың жер асты, жер үсті байлығы Халыққа тиесілі!” деген сөздер айтылыпты! 

Қазыбек Исаның Әлиханша сөйлеген сөзі! Депутаттың Қазыбек деген есімі ақталған күн болған екен! 

Бұл сөздер қазіргі Президенттің нақты шешімдері арқасында айтылған! 

Алтын Ордаға қатысымыз бар екенін Президент Қасым Жомарт Тоқаев 2022 жылдың Қаңтарынан кейін нақты айтты. Президент Құрылтайды Түркістан мен Ұлытауда өткізді! 

Ақ Орда тарихы үшін қасиетті бұл киелі жерлерге өзі бастап тағзым етілді.

Қазіргі күннің қадірін білгеніміз жөн. 

2022 қаңтарды бастан кешкен Президент сол 2022 жылдың ақпанында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын белгіленген күні өткізді. Ахаңның Отаншыл ғылыми мұрасы: “ Жазған сөз жаным ашып Алашыма!” туралы Астанада баяндама жасау маған тұңғыш рет бұйырылды. 

Сол күннен бастап Алаш Арыстары туралы батыл айтыла басталды! Оған дейін мені Алаштанушы ретінде еш жердегі ресми шараларға қатыстырмайтын. 

Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт Ұстазы дегенге маған қарсы пікір айтатындар ресми биліктегі өз жылы орындарында күні бүгін отыр. 

Осы жуырда өткен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығында өткен жиында бұлар бас көтеріп: Міржақыптың ғылыми еңбектерін: Абылай Хан, Шоқан Уәлихан, Қазақ Тарихы еңбектеріндегі Ақ Орда тарихын жоққа шығаруға тырысты. 

Міржақып Дулатұлының еңбегін жоққа шығару үшін билік өкілі болу жеткіліксіз! Міржақыпша Қазаққа, Отанға, Мемлекетке адал қызмет етіңіздер! Содан кейін ғылыми дәлелдер келтіріңіздер! 

Алаш Арыстарының Отаншыл ғылыми мұрасы қазіргі Тәуелсіздікті қолдайтын құнды рухани азық екенін түсінетін кез жетті. 

Алаштанушы ғалымдар саусақпен санарлықпыз. 

Мәмбет Қойгелді мен Тұрсын Жұртбай ақсақал жасынан асып бара жатыр. Өз еңбектерімен алған ғылыми атақтарынан басқа қазіргі шенеуіктер үшін дағдылы Ел арасында жүру құрметін көрмей келе жатыр. Алматы мен Астанада өтетін ресми шараларға екеуінің де қатысуы билік үшін абырой болары сөзсіз. Екеуі де - бізден кейінгілер төбесіне шығаратын Алашты танытқан нағыз ғалымдар. Алашты таныту арқылы бұл екі ғалым - қазіргі Тәуелсіз Қазақстанға адал қызмет етудің үлгісін көрсеткендер! 

Екі шенеуіктің орнына Мәмбет Қойгелді мен Тұрсын Жұртбай отырсыншы халықтың төрінде деген тілек айтқым келеді.

Наурыз құтты болсын! 

Тәуелсіз Қазақстанның мерейі үстем болсын. Алла қаласа біз заманауи, интеллектуалды, мықты, бай мемлекет боламыз! Осы жолда бірігіп қызмет етуіміз керек! Өкпе назымыз өткен жылда қалсын!

Қазіргі студенттерім: Алаш ғылыми еңбектері бізге мектепте тура осылай неге оқытылмаған деп өкінеді. Олардың бұл туралы маған жағзан пікірлері мен үшін ең жоғарғы абырой. Әрқайсымызға осындай абырой қуанышы бұйыртсын!

Айгүл ИСМАҚ, филология ғылымы докторы, профессор

Фейсбук парақшасынан