Астанада “АЛТЫН ОРДАНЫҢ АТАСЫ - ЖОШЫ ХАН” халықаралық жыр мүшәйрасы өтеді

Астанада “АЛТЫН ОРДАНЫҢ АТАСЫ - ЖОШЫ ХАН” халықаралық жыр мүшәйрасы өтеді

2024 жылдың 26 желтоқсан күні, сағат 15:00-де Астана қаласындағы "Ақ жол" демократиялылық партиясының орталық ғимаратында Мәжіліс залында (Сарайшық көшесі 11, 6 қабат) әйгілі Жошы хан негізін қалаған Алтын Орда ұлысының 800 жылдығына арналған “Алтын Орданың атасы - Жошы хан” халықаралық жыр мүшәйрасының қорытындысы өтеді.

Алтын Орда астанасы Сарайшық жатқан Атыраудағы құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев айтқандай, Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алатын, 6 ғасыр бойы Орталық Еуразияның тағдырына тікелей ықпал етіп, ұлан-ғайыр аумақта біртұтас өркениет құрып, жер жүзіне Алтын Орда деген атпен танылған ең қуатты мемлекет Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толуы тойланып жатқанын ел қуана қолдауда.

Қазақ халқы әлемді билеген қағанның құрметіне ұлдарына Шыңғыс деп ат қойып, Алтын Орданың атасы, Қазақ хандарының бабасы - Жошы хан кесенесіне зиярат етіп, алыптар жайлы аңыздар мен күйлерді тыңдап өскен ел. 

Тарихымыздың алтын беттерін ақтарып, асылдарымызды жырлау - ақындарымыздың зор парызы!

Осыған орай, «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2024 жылдың 26 желтоқсанында, сағат 15:00-де, Астана қаласындағы "Ақ жол" демократиялылық партиясының орталық ғимаратында, Мәжіліс залында (Сарайшық көшесі 11, 6 қабат) Жошы хан негізін қалаған Ұлық ұлыс Алтын Орданың 800 жылдығына арналған халықаралық мүшәйрасының қорытындысын өткізеді.

Аталмыш жыр мерекесіне есімі елге танымал зиялы қауым өкілдері, белгілі ақындар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БАҚ өкілдері қатысады.