Түркістанда Абай күні аталып өтуде
2024 ж. 07 тамыз
690
0
Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Биыл Абай Құнанбайұлының 179 жылдығы аталып өтеді.
Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы 1 – 10 тамыз аралығында онкүндік бастады. Іс-шараны «Фараб» кітапханасының әдістемелік инновациялықдамыту бөлімінің меңгерушісі Байдаулетова Дана Хантөреқызы ашып, Абай күнінің ұлтымыз үшін маңызына тоқталды.
Ашылу салтанатында Түркістан қалалық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, келушілерге «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
10 тамыз Абай күні қарсаңында «Фараб» кітапханасының ұжымы «Абайды оқы, орында» Абай шығармаларын оқу челледжін бастады.
Челлендж мәдениет мекемелеріне және Түркістан облысындағы 399 кітапханаға жолданды.