Скрининг – әйел денсаулығының кепілі
2024 ж. 06 тамыз
488
0
«Шипагер» отбасылық-денсаулық орталығының жоғары категориялы акушер-гинекологы Нұржамал Өтемұратовамен әңгіме.
– Елімізде соңғы жылдары жатыр мойыны дертіне ұшырағандар саны көбеюде. Статистикаға тоқталсаңыз?
– Ия, соңғы жылдары жатыр мойыны обыры дертіне ұшырағандар саны көбеюде. Бізде онклогиялық дертке ұшырағандар бойынша Қазақстан бесінші орында тұр. Ал, әйелдердің ісік дерті екінші орында болса, сүт безі ісігі дертіне ұшырағандар бірінші орында. Ал, жатыр мойыны ісігі дертімен ауыратындар екінші орында тұр. Миома, кисталар ісік дертіне жатады. Бірақ, оларды емдеу жеңіл. Консервативті дәрі-дәрмек, яғни горманальды дәрілер мен табиғи шөптерді қолданып емдеуге болады. Және ота жасау арқылы да емдейміз. Науқасқа емдеу кезеңі үш айдан бастап алты айға дейін тағайындалады. Аталған мерзімнен кейін науқасты қайта тексеруден өткіземіз. Емді дұрыс алған жағдайда ісік кішірейеді, тіпті сорылып жоқ болып кетеді.
Ісіктердің неше түрлісі болады. Гормонға тәуелді немесе тәуелсіз ісік болады.
– Әйелдер жатыр мойны обыры дертіне қандай себептерден ұшырайды?
– Енді әйелдердің ісік дертіне ұшырауына бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден адамдардың өмір салты әсер етеді. Әйелдің жағымсыз әдеттері темекі тартуы, ішімдікке әуестігі, күйзеліске ұшырауы дертке шалдықтырады. Мысалы, жұмыста күнделікті стресс алуынан да әйел организмі дертке ұшырайды. Саламатты өмір салтын ұстанатын әйелдер арасында ауруға ұшырайтындар аз. Ал, климат ауыстырудың әсері аз болады. Климатты ауыстырғаннан етеккір келу уақытысы өзгереді. Сосын тұқым қуалаушылық арқылы да дерт ұрпаққа жалғасып кете береді. Әжесінде, анасында ісік аурумен ауырған болса, ұрпағы соған бейім болады.
Бізде өмірге ұрпақ әкелуге қабілетті жас кезеңі бар. Ол, бірінші етекір келген, яғни он екі жастан қырық тоғыз жасқа дейінгі аралық ұрпақ әкелуге қабілетті жас болып есептеледі. Осы уақыт аралығында әйелдің организмінде гормондар толық жұмыс істеп тұрады. Бұл әйел бала көтеріп жүкті болуға қабілетті. Ал, қырық тоғыз жастан кейін әйел организмінде басқа дәуір басталады. Оны климакс дейді. Бұл кезде әйелге тән гормондар әйел организмінде азайуы мен көбейуі болады. Климакс әр әйелдің организміне қарай бірінде жеңіл, бірінде ауыр өтеді. Әйелдің экстрогенитальды ауруы болса, мысалы қант диабеті, жоғары қан қысымы сияқты дертін қоздыруы мүмкін. Сол себепті әйелдер климаксты ауыр өткізеді. Дені-қаны сау әйелдің климакс кезеңі жеңіл әрі тез өтіп кетеді.
– Сонда осы климакс кезінде кейбір әйелдер жатыр мойыны ісігіне ұшырауы мүмкін бе?
– Жоқ, ең соңғы зерттеулер бойынша жатыр мойыны дерті 45-55 жас аралығындағы әйелдер ұшыраса, қазіргі талдаулар мен зерттеулер бойынша 35-45 жас әйелдер ісік ауруы дертіне шалдығуда. Яғни, онкологиялық аурулар жасаруда. Оның себебі климакс емес. Жалпы айтатын болсақ, жатыр мойыны ісігінің пайда болуына организмде адамның папилома вирусы бар. Адам организмінде осы вирус көбейсе, ісікке алып келеді. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы жұғып пайда болады. Бұл жас қыздардың ерте жыныстық қатынасқа түсуінен де пайда болады. Жас қыздар бір емес, бірнеше ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен соң адам папилома вирусы қозады. Оны дер кезінде емдеген соң әйелдің иммунитеті әлсірейді. Уақыт өте келе ісік тудырады. Осыдан келіп түсік тастау, жасанды түсік жасату сияқты әйел денсаулығына зиянды әрекеттерге ұрындырады бұл жағдай. Себебі, әйел ауру болғандықтан жасанды түсік жасайды. Жасанды түсік жасату – әйел табиғатына балта шабу деген сөз. Әйел жатырында пайда болып өсе бастаған тіршілікті жұлып алып тастау, табиғи жолмен өзгеріске түсе бастаған жасушалардың тіршілігін шектейді де, организмді күйзеліске ұрындырады. Әйел организмі жүктілікке дайындалып жатқанда оны үзіп тастайды. Осы кезде әйел организмі жаппай стреске ұшырайды.
Осының алдын алу үшін елімздің денсаулық саласында үкіметіміз скрининг ойлап тапқан. Скринингті 30 жастан бастап 60 жасқа дейін әр төрт жыл сайын өткіземіз. Мұның маңызды рөлі техникасына байланысты. Скрининке келгенде әйел бір күн бұрын тазалануы керек. Жыныстық қатынасқа түспей, свеча салмай алдын ала келіп тексеруден өтсе, анализдері 100 пайыз дәл көрсетеді. Енді, екінші мәселе біздің әйелдер сол тегін скринигтен өтпейді. Мейірбикелер қоңырау шылып шақырып келтіре алмайды. Айтатын сылтаулары жұмыстан шыға алмайды, кішкентай баласын тастап кетек алмайды деп скринингтен өтпейді. Көптеген әйелдер гинекологқа келгенде жатыр мойыны ісігі дертінің төртінші деңгейінде келеді. Скринигтен өтіп тұрса, пайда бола бастаған ісікті емдеуге болады. Емделіп құлан таза айғып жатқан әйелдер де бар. Тек, алдын ала ең болмағанда жылына бір рет қаралып тұрса, дерттің алдын алуға әбден болады. Жатыр мойыны ісігі дертінің қауіптілігі, ол ешқандай симптом бермейді. Оны тек гинекологиялық тексеру барысында көзбен көруге болады. Қазір отандық гинекология саласында заманауи жабдықтармен жабдықталған. Кальскопия деген аппарат бар. Мың есе үлкейтіп көрсететін. Осы аппарат арқылы әйелдің жатыр мойыны ісігін ерте кезде анықтап, ем алуға мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, әйелдердің сана сезімі өз денсаулығын күтуге жетпей тұрғаны шындық.
– Олай болса жасанды түсік жасауға не үшін жол бересіздер?
– Бізге жүкті әйелдер диагнозбен келеді. Жатырда жаңа пайда болған шарана жиырма күнге толмайынша винеролог те жүкті әйелді емдей алмайды. Іштегі баланың денсаулығына кері әсері болады. Жиырма күн күтуге тура келеді. Әйелді емдемесе іштегі баланың дұрыс дамымау қаупі төніп тығырыққа тірелетін кездер аз емес. Ал, әйелді емдеуге тура келген жағдайда көбінесе, жасанды түсік жасауға мәжбүр боламыз. Себебі, әйелдер бала көтермей тұрып тексеруге дер кезінде келіп ауруынан емделмейді. Уақытын өткізіп алады. Оның зардабы балаға тиеді. Жалпы елімізде әйелдердің бала көтеруінің алдын-ала денсаулықтарын түзетуде барлық жағдай жасалған. Анализ тапсыру тегін.
Жаңа туылған балаларда пороктар көбейіп кетті. Жүрегінде, бүйрегінде ақауы бар. Жүктілікке дайындалып фолий қышқылын ішсе жүйке жүйесін дұрыс қалыптастырады. Шарананың жүйке жүйесі он екі аптада қалыптасады. Фолий қышқылын жүкті болғаннан кейін ішкеннен пайда жоқ. Жүкті болғаннан кейін организмді қолдау тұрғысынан ғана аз дозадан қабылдап отыру керек. Әйелдерде денсаулық күту мәдениеті әлі қалыптаспаған. Біз оны әйелдер жүкті болғаннан кейін аурулардың түр түрін өткізіп алған кезде келгенінен байқаймыз. Қазіргі кезде отасыз варикозды емдейтін методтар бар. Ем алу тегін жасалады.
Енді, қыз өсіріп отырған аналар өз қыздарына ес білгеннен жыныстық қатынас туралы ар-ұят пен обалды үйретсе. Қазір бұрынғыдай емін-еркін жүретін уақыт емес. Әлеуметтік желіден жыныстық қатынас туралы ақпараттың түр-түрі жасөспірімдер санасына әсер етеді.
– Жалпы, жас қыздардың организмі қанша жастан бала көтеруге дайын болады?
– Бізде жасөспірімдер арасында жүкті болып қалу жағдайлары көп болып кетті. Оны ата-аналары білмейді. Қыз да анасына айтпайды. Жасөспірім қыздар түрлі жыныстық ауруға душар болмас үшін қазір үкімет тарапынан мектепте гинеколог дәрігерлер жұмыс істеуде. Негізі, әйел организмі етеккір келе бастағаннан бала көтеруге болады, бірақ, организмі толықтай дайын болмайды. Және, жасөспірімнің психологиялық сана дайындығы бірінші кезекте тұрады. Жас қыздардың жасанды түсік жасатуы өміріне қауіпті. Келешекте бедеулікке соқтыруы мүмкін. Сондықтан, қыз өсіріп отырған әр ана өз қызының тәртібін қадағалағаны абзал. Еске сала кетсем, жақында жасөспірім қыздарға папилома вирусына вакцина салу басталады. Бұл вакцина келешекте әйелдерде жатыр мойыны ісігінің пайда болуынан сақтандырады.
– Енді әйелдерге ауруға шалдықпас үшін қалай күтінуге кеңес берер едіңіз?
– Менің дәрігер ретінде әйелдерге айтарым денсаулығына шағымы болсын, болмасын, етеккірі уақытылы келсе де гинекологқа міндетті түрде келіп қаралауы керек. Дәрігер әйелдің жатырын арнайы аспаптармен қарауы керек. Сол кезде ғана енді басталып келе жатқан дертті біз көре аламыз. Ал, жалпы гинекологиялық дерттер білінбей басталады. Дәрігер қарағаннан кейін талдаулардан кейін ғана әйелдің диагнозы қойылып, нақты емделу шаралары жүзеге асырылады. Жоғарыда айтқанымдай, әйелдер жарты жылда келіп скринингтен өте алмаса да, жылына бір рет гинекологқа келіп медициналық тексерудан өтіп тұрса деймін. Екіншіден жасөспірім қыздар жыныстық қатынасқа түскен жағдайда сақтануы керек. Және, міндетті түрде бір ғана ермен қарым-қатынаста болуы керек. Себебі, қазіргі кезде Біз қаласақ та, қаламасақ та қазір жастар өте ерте есейуде. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар саны да, науқасқа ұшырағандар да жылдан жылға көбейуде. Себебі, жыныстық қатынас мәдениетін қадғаламайтындар кездейсоқ адамдармен кездесіп ауру жұқтырып алатын жағдайлар өмірде бар. Мұндай жұқпалы дерт емделмейді. Сосын өмір бойына препарат алып жүреді. Бұл препарттар вирусқа қарсы болғандықтан, имунитетті түсіріп тастайды да, ондай науқасқа ұшырағандардың басқа аурулары қылаң береді. Мүгедекке айналады десем артық емес. Күйеуге шығатын қыздар да болашақ жарының қанын тапсырып денсаулық жағдайын тексеріп білуі керек. Дегенмен, ана ретінде, дәрігер ретінде қыздарымыз күйеуге шықпайынша жыныстық қатынасқа бармағына дұрыс деймін.
Сұхбаттасқан Зүбәйра Әкім,
журналист