Токсикоманияның адам денсаулығына зияны
2024 ж. 25 шілде
845
0
Әртүрлі ұшқыш ерітінділерді иіскеу арқылы пайда болған психикалық және физикалық тәуелділікті токсикомания деп атаймыз.
Ұшқыш ерітінділер дегеніміз – құрамында газ болатын сұйықтықтар . Оны ингалянттар деп те атайды. Сұйықтық құрамындағы газ психикалық денсаулыққа өте зиян болып табылады.
Құрамында газ болатын ерітінділерге келесілер жатады:
Алифатты көмірқышқыл газдар: этан, пропан, ацетилен.
Хош иісті полициклді көмірқышқыл газдар : бензол, толуол , ксилол
Галогенизирленген көмірқышқыл газдар: трихлорэтилен, перхлорэтилен
Кетондар: этилацетат
Аралас ұшпалы ерітінділерге бензин мен керосин жатады.
Тұрмыстық химиялық заттардың да құрамында газ болады, оларға клей, ауа тазартатын құралдағы ерітінділер, құрғақ тазартқыш құралдар, тырнақ бояуын кетіретін сұйық заттар, тіпті күнделікті қолданатын текст корректорлары – штрихтардың құрамында да газ болады.
Осы жоғарыда атап өткен газды (ингалянтты ерітінділер) бас миының қыртыс қабатының жұмысын, ми бағанының құрылымының (бөлімдерінің) жұмысын баяулатады, мидың гипоксиясын тудырады. Ингалянтты ұшқыш газды ерітінділерден шығатын улы заттар өкпе тінінен кедергісіз өтіп, қан арқылы миға дереу барады.
Токсикомания шақыратын заттарды иіскеген соң, оның адамның психикасына зиянды әсері бірнеше секундтардан кейін пайда болады. Адамның ағзасында осы токсикоманиялық заттардың болуы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Токсикоманиялық заттардың ағзадағы соңғы өнімі бауыр ағзасы арқылы өтіп, зәр арқылы шығарылады.
Токсикоманияның адамның психикалық денсаулығына зияны жөнінде айтып өтейін.
Токсикоманиялық заттарды алғаш қолдан минуттарда көздің жасаурауы, бастың салмағының ауырлағаны сияқты сезім пайда болады, басты шыдатпайтын шу пайда болады. Әрі қарай адамның денесінің мөлшері өзгергендей күй кешеді. Заттардың контурының өзгерісін сезгендей болады. Көру анализаторының бұзылысы – көру галлюцинациялары пайда болады. Көру галлюцинациялары көбінесе қозғалмалы күйде болады. Сонымен қатар есту, тактильды (сипап -сезу) галлюцинациялары пайда болады. Токсикоманиялық заттардан масаю кезінде қоршаған ортада жүрген адамдардың бет бейнесі адамға үрейлі болып қабылданады.
Токсикоманиялық заттарды қолданудан болған галлюцинациялардан кейін, адам агрессивті, ашушаң болып келеді. Токсикоманиялық заттардан болған галлюцинациялар бірден жоғала қоймайды. Токсикоманиялық заттарды иіскеуді қойғаннан кейін, бірінші, көру галлюцинациясы кетеді, ал есту галлюцинациялары бірнеше күн сақталады. Клиникалық тәжірибеде, токсикоманиялық заттарды иіскеуден өмір бойы есту галлюцинациясына шалдыққан адамдар да кездеседі. Оны созылмалы органикалық галлюциноз деп те атайды.
Сол себептен де, токсикоманиялық заттарды қолданудан толықтай аулақ болған жөн. Себебі, токсикоманиялық заттарды бір рет қолданған кейін психикалық тәуелділік пайда болады. Психикалық тәуелділік дегеніміз – психобелсенді заттарды қолдану жөнінде адамның өз еркінен тыс ойлауы. Оны біз обсессия деп те атаймыз. Обсессия еркінен тыс болғандықтан, ол ойлардан арылу үшін адам өзінің еркінен тыс әрекеттер жасайды, Оны біз компульсивті әрекеттер деп атаймыз.
Ойымды қорыта келе, токсикоманияның зияны есірткі қолданғанмен бірдей деп айта аламын, себебі токсикоманиялық заттардың жалпы ағзаның жұмысына және психикалық денсаулыққа тигізетін зияны мен есірткінің тигізетін зияны көп жағдайда ұқсас болып табылады.
Сондықтан да токсикоманиялық заттарға әуес болудан өз-өзімізді сақтайық. Ұлт болашағы – өзімізден басталады.
Молдаханов Еркебулан Серикович,
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК дәрігер наркологы
Нургалиева Нагима Турлыбековна
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МҚК дәрігер наркологы, наркологиялық қызмет бойынша орынбасары