ҚАЗЫБЕК ИСА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАНДЫ
2024 ж. 17 шілде
1037
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса Түркістан облысының құрметті азаматы атанды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясы өтті. Күн тәртібіне 6 мәселе қойылып, тиісті саланың басшылары баяндама жасады. Негізгі мәселенің бірі – облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру жайы.
Сонымен, мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, депутаттар және басқарма басшылары, аудан әкімдері қатысқан жиында оңтүстіктің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет және ауыл шаруашылығы жүйесінде еңбек еткен 31 азамат құрметке лайық деп танылды.
Солардың ішінде қоғам қайраткері Өмірзақ Шөкеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Ұласбек Сәдібеков, Алматы облысы Есік қалалық мешітінің бас имамы Рәтбек Нысанбаев, белгілі әнші Нұрлан Өнербай, еңбек ардагері Мұрат Сәбденов, ішкі істер саласының ардагері Арысбек Берденов және тағы басқалары бар.
Осы орайда "Қазақ үні" ұжымы атынан Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаны және осы марапатқа ие болған барлық тұлғаларды құттықтайды. Ел игілігіне еңбек ете беріңіздер!