Өзге тілді мектептерде пәндердің 80 пайызы қазақ тілінде жүргізілуі тиіс - Ғалы Әбсәмат
2024 ж. 10 маусым
1756
1
Мемлекеттік тіл халқымыздын рухани тұғыры. Әр өркениетті елдерде мемлекеттік тілді білу міндет.Республика көлеміндегі әрбір мектепте Қазақ тілі міндетті пән ретінде 11жыл бойы оқытылады.Оған қоса жоғарғы оқу орнында алғашқы жылында міндетті пән ретінде оқығанымен,бірақта қарым-қатынаста қолдана алатын денгейде менгере алмаған болып шығады.Сонда қаншама жылдар бойы осы пәнді оқытуға мемлекеттен бөлінген қаржы далаға кеткені ме? Оқулықта халықаралық стандартқа сай,әдістеме де жанаша,тіл үйренудің СЕFR деп аталатын жалпы еуропалық тіл құзреттілігің бағалау жүиесі бар біріншіден ақырғы сыныпқа дейін қазақ тілін тек осы әдістеме негізінде жүйелеп,денгейлеп оқыту қарастырылған.Бірақ қазақша қойылған қарапайым сұрағымызға да оқушы жауап бермек түгілі,тым болмаса түсінетін денгеиде біліп шықпады.Неге бұлай деген сұрақ қа”неше жыл оқысамда қазақ тілін менгермедім,өйткені мені бұл пән қызықтырмады,тіпті маған бұл пәнді оқудын керегі жоқ деп ашық айтып жатады.” Тәуелсіз сарапшыларды тындасақ- іс жүзінде бірақ сол денгеймен сыныптан сыныпқа емтихан тапсыртып өткізіп жатқан жоқпыз.Мектеп бағдарламасында CEFR жүиесін енгізіп,денгейді анықтайтын тестіден өткізілсе,мектеп бітірушіден C1 денгейін анықтайтын сертификат талап етілсе,оқушылар да жанталасып оқыр еді,мүғалімде де жауапкершілік артады.
Біз “CEFR жүиесі арқылы оқытамыз”деген жалған ұран мен шектеліп жұрміз деп айтады,бұл талап түгүлі қазақ тілін кемсіту,менгеруге кедергі келтіру,қажеттілік жоқ дегенді айқын көрсетеді.Соған сай мысалы ретінде,CEFR жүиесіне негізделген,менгеру денгейлерді көрсететін Қазтест жүиесі бар,бірақ бұл тест өз функциясын атқара алмай келеді соның басты себебі ол билік тарапынан қазақ тіліне деген жасырын кемсітушілік,кедергі келтіру.Қоғамда көп шу көтерілгеннен кейін ғана докторанттарға қосты.Докторантураға түсуден үміткерлер қазыр жанталасып Қазтест тапсыруға дайындалып жүр.Сондай талап магистранттарға да,мектепке де,мектепке деиінгі балалар мекемелерінде де(бала бақшаларда) енгізу міндеттетілу керек. Сонымен қатар қазақ тіліне қойылатын талап ағылшын тілінен артық болмасада,кем болмауы тиіс.
Қазтест жүиесі мемлекеттік тілдін қоғамда қажеттілігін артады,қолдану аясын кенеитеді,орыстандыру саясатын тежейтін бір негіз.Егерде бес жылдын ішінде 2016-2020жылы елімізде қазақ тілінде оқитын бала саны 18пайзға өзсе,орыс тілінде оқитын бала саны20пайзға артқан.
Бірінші сыныпқа 2023ж.барған балалардын, еліміз бойынша мемлекеттік тілде оқуды тандаған 68,2пайзды құрады,ал Астана қаласы бйынша 60пайыз 27мын барған бала санынан.Сонда 10.8мын бала орыс тілді оқуды тандаған,оның жартсынан көбі қазақ балалары,егер статистикаға қарасақ.”Орыс мектебінде білім сапасы жоғары болғаны үшін береді”деген әнгіме тек сылтау ғана. Басты себеп-өздері орысша сөйлеген соң орысша мектепке береді,бұлар көпшілігінде қалалық тұрғындардын жас отауларынан. Сонымен қатар”Қазақ тілі тұрмыс тілі денгейінде қалып қоюуы мүмкін, қайда барсан да орыс тілі алдыңнан шығады” деп тілдің болашағына күмәнмен қарап,балаларын орыс мектебіне беретін ата-аналар да бар.
Ұлтымыздын тәуелсіздігі бекем болсын десек,жастарды шын мәнінде ұлттық рухта тәрбиелейміз десек балаларымызды қазақ мектебінде оқытуға мемлекетте,жекелеген азаматтар да белсенділік танытуы тиіс.
Әл-Фарабидін”тәрбиесіз білім умен тен”деп айтқанындай,қазақ жастарына тек білім ғана емес ұлттық тәрбие берілмесе қазақтын
азғындауы-қазақтан безінуі арта бермек.Қазақ мектебінде оқыған бала біліммен қатар ұлттық тәрбие
алып өсетіні түсінікті.
Ен бастысы қазақ баласы қазақ болып өссе ғана толыққанды қазақ азаматы болмақ.
Ал бүгінде биліктін үш тармағы да жергілікті органдарымен де мемлекеттік тілді насихаттауда үлгі бола алмай отыр.Жұмыс тілі,іс қағаздарын жүргізілуі орыс тілінде деп айтса артық емес.
Мемлекеттік тіл-Қазақстанның ұлттық қауыпсіздігінін негізі дейміз,
біздін басшылар да осыны айту керек.Өйткені әлемдік тәжірибе ұлтты сақтаудын кепілі-тілді сақтау
екенін көрсетіп берген. Сондықтан
алдымен “Тіл туралы” занға толықтыру керек,ол жерде—Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді білуге міндетті—деп анық жазылуы керек.
Ел президентінен бастап қатардағы қызметкерге дейін мемлекеттік тілді білу- Міндет-ол халқымыздын,
мемлекетіміздін мүддесі. Ал өзге
тілдерді білу ол парыз,сондықтан
жабайлықтан арылу абзал болады.
Екі тіл қосарланған кезде қазақ тілі
жұмыс тілі ретінде бәсекеге қабілетті болмағанын 30жыл дәлелдеді. Қажет емес тілді ешкім де үйренбейді.
Қажеттіліктін мысалы,қазір екі баланын бірі ағылшын тілін үйреніп алып жүр.Өйткені үйде ата-аналары
“жақандық,ғылымнын,білімнін,бизнестін тілі өркендейсін ,үирену керек
деп”санасына сініреді.
“ Қазақша білсен керемет боласын,
онсыз қиын тиеді”дейтін адам аз.
Осындай қазақ тіліне қатысты Қарағанды қаласында А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ мектебінде осы жылы кездесу өтті.
Ондағы оқушылар бір-бірімен орыс тілінде қатынасады екен.Өйткені оқушылардын айтуынша”оқу үрдісінде қандай да ақпарат қарастырсан негізінде интернеттен,әлеуметтік желілерден немесе әр-түрлі тақырыптарға қызықты мәліметтер қараймын десен бәрі тек орыс тілінде беріледі.” Бұндай ахуал еліміз бойынша бүкіл мектептерде, жоғарғы оқу орындарында,бала-бақшаларда болып тұр. Расында, әлеуметтік желілер,интернет,БАҚ, телеарналар бәрі орыс тілінде бірен сараны болмаса.Мысал ретінде екі жүздей телеарналарды алсақ сонын 3-4ғана тек қазақша,ал жартсынан көбі тек орысша арналар,ал оларды кім қаржыландырып отыр?
Бұнын бәрі нені көрсетіп,айтып тұр?
Тек мәскеудін қайнап тұрған экспансиясымен,орыстандыру саясатын. Мысал ретінде қандай да өркениетті елдерді алсақ,оларда да шет елдердін контенттері,арналары
баршылық.Бірақта оның бәрін олар тек өз халкінін,мемлекетінін мүддесіне үйғарады,экспансияға жол бермейді. Бізде,өркениетті елдердей интернет,әлеуметтік желілерді толығымен,шет тілді контенттерді сақтай отыра,қазақтандыру керек.Техниқалық тұрғыдан қиын шаруа емес.
Қазақ тілін менгеру үрдісін,барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес,мектепке дейінгі балалар мекемелерінен,балабақшалардан бастау керек,тек қазақ тілінде білім және тәрбие алулары керек. Мектепке баратын алты жасар баланын қазақ тіліндегі сөздік қоры төрт мыңнан кем болмауы керек.Мысал ретінде, ”совет” заманында балабақшалардың бәрі тек орыс тілінде болды.Бірінші сыныпқа баруға жастары толғанда тек орыс мектебінін бірінші сыныпына апарып тапсырылатын.
Сол балабақшалардан өзіміз де өттік, орыс тілін тез арада үиреніп, сөйлеп кеттік.Өйткені орыс тіліне талап пен тәртібі өте жоғары денгейде болды,тіпті ешкімге өзге тілде сөйлескізбейтін.
Балалар уақытының көбін теледидар алдында,смартфон, гаджеттерді қараумен өткізеді.
Онда балаларға арналған қазақша контент бар ма? Жақсы көретін,ұнатып қарайтын мультфильмдер,әлемге танымал сапалы дубляждалған киноөнімдер көптеп пайдалану қажет. Көптеген балаларға арналған қызықты арналар болса.Балалар интернетке жақын ғой,сол жақтан мәліметті көбірек алады.Сондықтан балаларға арналған сондай дүниелер көп болса нұр үстіне нұр болар еді.
Өзге тілді оқушыларымыз қазақ тілін оқу,менгеруді жоғары да көрсеткендей қажетсіз деп санайды,сонымен қатар қоғамдағы ахуал ол қазақ мектептеріндегі жастарымыздын өз ара бір-бірімен
қарым қатынастарында орыс тіліне
жүгүнуі. Сонын қазіргі әсері,қай қалада болсаныз да көпшілік орысша сөйлейді,әсіресе жастар.
Мысалы Астана қаласында 2023ж.
қазақтардын саны-81пайызды құрады,бірақта тұрғындардын басым көпшілігі орыс тіліне жүгүнеді.Өйткені қоғамда үстемдік
орыс тілінде,мемлекеттік тіл тек парыз тарапында.
Өзге тілді мектептерде, сыныптарда оқытылатын пәндердің 80 пайызы қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Біз бұндай мәдени-топтасу үрдісін іске асырмай еш қашан мемлекеттік тілді тұғырына қоя алмаймыз.
Ал олсыз біз елде,мемлекетте болмаймыз.
Өзге тілді(орыс,өзбек,тәжік,ұиғыр) және аралас тілді 4000 жуық мектептерде 2,5млн.шамасында балалар бар.Біз осынша жас буынға
қазақ тілін үйрету мәселесінің жағдайы көтеріп отырмыз.Бұлар халқымыздын жоба мен 40 пайызынын балалары.Біздін бүгінгі,
ертенгі тіл мәселесіне тікелей әсер етіп отыр.Сондықтан өзге тілді оқушыларымызға қазақша үйретудін үздік үлгісі ол шын жетік менгертуден басталмайма және үйренуге,оқуға деген оқушыларға қажеттілік басымды болу керек. Осы қазақ тілінін қоғамда,оқуда “қажеттілік” мәселесін өзге тілді ата-аналар да алға тартып келеді.
“Тіл туралы” занында-Қазақстан халқын топтастыратың аса манызды фактор болып табылатын мемлекеттік тілді менгеру-Қазақстан Республикасынын әрбір азаматының Парызы” деп асқақтатып нақты көрсетілген.
Бірақ та нағыз өмірде бұл занның иісі де жоқ.
“Сөзі жоғалған жұрттын,өзіде жоғалады” дейді ұлт қайраткері ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы.
Халқымыз тәуелсіз болмай,тіл тәуелсіз бола алмайды.
Ел Президенті Қ.Тоқаев алдағы уақытта қоғамдық өмірдін барлық салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кенейте отырып, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын ең басты құндылыққа айналдыруға мақсат етіп отыр.Сондықтан үйлесімді тіл саясаты негізінде мемлекеттік тілдің толыққанды қолданысын қамтамасыз ету-баршамыздың ортақ міндетіміз болмақ.
Ғалы Әбсәмат