Түркістан: Мақта шаруашылығы тарихы музейінің 80 жылдығы аталып өтті
2024 ж. 27 мамыр
443
0
Бүгін Мақатарал ауданында облыстық тарихы музейінің80 жылдығы аталып өтті. Іс-шараға облыстық мәдениет және туризм басқарамасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешенқұлова және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мерейлі күнге орай «Мақта – ел байлығы» атты семинар өтті. Семинар барысында музей қызметкерлері «Мырзашөл тарихы сыр шертеді», «Мақта шаруашылығы тарихы» музейінің тарихы және «Мектеп музейлерінің рөлі мен қызметі» тақырыбында баяндама оқылып, таныстырылды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада аудан өнерпаздары ән күй орындап, кеш сәнін кіргізді. Сондай ақ, семинар қонақтары музейдің экскурсия залымен танысып, Жетісай аудандық музейінің көшпелі көрмесіе тамашалады.
Атакент кенті «Достық» мәдениет үйінде өткен іс шара соңында музей директоры Асқар Тажибекеев құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар «Музей педагогикасы» кітабының тұсауын кесті.
Айта кетейік, Мақта шаруашылығы тарихы музейі 1944 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1930 жылы салынған. Кейінгі экспозициясы 1946 жылдан басталып, қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Мақтаны өлшеу құралдары, мақтадан алынатын өнімдер ауданда қызмет атқарған адамдардың өмірінен мәлімет алуға болады. Әскери-патриоттық жұмыс музей ұжымының басты бағыты болып келеді. Қазіргі таңда музейде 10500 жәдігер сақтаып, 15 қызметкер жұмыс істеуде.