Бекжігіт Сердәлі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
2024 ж. 27 мамыр
468
0
Астанада 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мәдениет саласының бірқатар үздік қызметкерлері Мәдениет және ақпарат министрлігінің наградасымен марапатталды. Оның ішінде Түркістан облыснан келген белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Еңбек сңіңрген өнер және мәдениет қайраткерлері, сала қызметкерлері мен нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді. Министр мемлекет басшысы саланы қарқынды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдағанын атап өтті.
Елордадағы «Астана балет» театрында Аида Ғалымқызы саланың елу өкіліне «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбеллгісін, грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Жалпы кәсіби мереке құрметіне Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары саланың 1500 қызметкеріне табысталды.
Ол сексеннен астам ғылыми мақалалар \оның 30-шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт факторлы журналдарда\ үш монография, оның біреуі ресейде. Соңғы бес жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу әдістемелік еңбектер: «Баспасөз аудармасы», «Әдеби редакциялау», «Қазіргі газет жанрлары», «Мерзімді баспасөз дизайны» тағы басқа ғылыми еңбектер жазды.
Айта кетейік, Бекжігіт Сердәлі «Жас жұбайлар», «Неге, неге», «Ауыл жатыр той жасап», «Ризамын», «Ерке қайың», «Астанам – асақақ ән», «Түркістаным – Тұраным», «Қазақ жауынгері» сияқты танымал әндердің авторы. Сонымен қатар Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының құрметті азаматы. Бүгінде Қожа-Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры. Ұстаз. Ол журналистика саласына шәкірт тәрбиелеп жүр.
Қазақ халқының тамыр қағысы мен жан-жүрек тынысын өзіне ән шашу кып қайтарып беретін өнер адамдары некен саяқ. Соның бірі ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі десек, оның қазақ халының руханияты мен мәдениетіне беретін шығармашылық екпіні әлі де зор деп білеміз.